codex
stringclasses
23 values
title
stringlengths
1
516
paras
listlengths
1
670
__index_level_0__
int64
3
10k
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
195-3-бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері
[ "Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері ай сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 2,0 ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды.", "Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып жүзеге асырылады." ]
245
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
195-4 бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға арналған өтінішті қабылдаудан және оны тағайындаудан бас тарту
[ "1. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға арналған өтінішті қабылдаудан бас тартуға:", "1) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыға өтініш беру, оны тағайындау, төлеуді жүзеге асыру немесе \"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны тағайындауға проактивті көрсетілетін қызмет арқылы келісім беру фактісін растайтын мәліметтер алу;", "2) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны ауыстырудан басқа) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;", "3) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау құқығының болмауы;", "4) өтініш берушінің арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы негіз болып табылады.", "2. Осы Кодекстің 195-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келмеу арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындаудан бас тартуға негіз болып табылады." ]
246
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
195-5 бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
[ "1. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:", "1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "2) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "4) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "5) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының \"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы\" Қазақстан Республикасының\nЗаңында\nкөзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәлімет. Бұл ретте арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады.", "2. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.", "3. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу:", "1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер;", "2) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;", "3) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер;", "4) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушының пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.", "Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу осындай төлемді алушы осы Кодекстің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады." ]
247
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
196-бап. Зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы
[ "1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:", "1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;", "2) жасына байланысты зейнетақы төлемдері;", "3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері;", "4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;", "5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;", "6) зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.", "2. Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады.", "3. Осы бапта көзделген құқықтар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.", "4. Жұмыс істеп жүрген зейнеткерлердің осы Кодексте көзделген шектеулер ескеріле отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық мөлшерде алуға құқығы бар." ]
250
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
197-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер
[ "1. Мемлекет:", "1) 1999 жылғы 1 сәуірге дейінгі зейнетақы төлемдерінің белгіленген мөлшерін сақтай отырып, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтарды;", "2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар және осы құқығын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын және (немесе) жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепілдік береді.", "Бұл жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының және 3-тармағының талаптарын сақтай отырып, қызметтен босатылған күннен бастап жүзеге асырылады.", "2. Ең төмен зейнетақы мөлшері осы Кодекске сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.", "3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады." ]
251
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
198-бап. Зейнетақы төлемдерін алу құқығы бар азаматтар санаттары
[ "Зейнетақы төлемдері азаматтардың мынадай санаттарына:", "1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатындарға;", "2) осы Кодекстің 207-бабының\n1\n–\n3-тармақтарына\nсәйкес зейнеткерлік жасқа толғандарға;", "3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдарға, олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда төленеді." ]
252
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
199-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау және төлеу тәртібі
[ "1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алу құқығы бар адамның немесе оның заңды өкілінің өтініші мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін негіз болып табылады.", "2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.", "3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жүгінген күннен бастап жүргізіледі. Өтініш пен қажетті құжаттар тіркелген күн мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі." ]
253
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
200-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтінішті қабылдаудан және тағайындаудан бас тарту
[ "1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартуға:", "1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен алу;", "2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;", "3) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оларды тағайындау үшін қажетті құжаттармен сәйкес келмеуі;", "4) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығының болмауы;", "5) өтініш берушінің мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы негіз болып табылады.", "2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартуға:", "1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;", "2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады." ]
254
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
201-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушының құқықтары мен міндеттері
[ "1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушының:", "1) осы Кодексте көзделген тәртіппен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға;", "2) Мемлекеттік корпорациядан мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегін алуға;", "3) осы тарауда көрсетілген мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғарғы тұрған органға, сотқа шағым жасауға құқығы бар.", "2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы:", "1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін толық және анық мәліметтер ұсынуға;", "2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің артық есептелген (төленген) сомаларын – ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңды күшіне енген сот шешімі негізінде сот тәртібімен қайтаруды жүргізуге міндетті.", "3. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органның кінәсінан уақтылы алынбаған не толық алынбаған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін оларға құқық туындаған күннен бастап мерзімі шектелмей төленеді." ]
255
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
202-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
[ "1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері ағымдағы айға жүргізіледі.", "2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен айды қоса алғанда жүзеге асырылады.", "3. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға жасына байланысты зейнетақы төлемдері:", "1) егер жасына байланысты зейнетақы төлемінің осы нормаға сәйкес есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз болса, осы Кодекстің 210-бабының\n6-тармағында\nкөзделген көлемде;", "2) осы Кодекстің\n210-бабына\nсәйкес есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде жүргізіледі.", "Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын жеке банктік шотқа немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қолма-қол ақшаны бақылау шотына аудару жүргізіледі.", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.", "4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға құқығы жоқ адамдарды қоспағанда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі алушы стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.", "5. Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шыққан жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемі шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.", "6. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша тағайындалуы және төленуі мүмкін.", "7. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алу үшін жүгінген күнге дейінгі үш жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді." ]
256
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
203-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу
[ "1. Зейнетақыдан ұстап қалу алушының өтініші негізінде ұсталатын зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген зейнетақы сомаларын қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін.", "2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жүргізіледі.", "3. Төленуге тиіс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды." ]
257
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
204-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
[ "1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері:", "1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, қандастың куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "3) алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "4) шетелдіктің тұруына ықтиярхат алғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы немесе одан шығуы фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрған күннен бастап, бірақ шетелдіктің тұруына ықтиярхат алған күннен кейін қайта басталады;", "5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге сәйкес тағайындалған зейнетақыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде зейнетақы төлемдерін алу фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері шыққан елінде артық есепке жазылған (төленген) зейнетақы сомалары өтелген кезде тоқтатылған күннен бастап қайта басталады.", "2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері ақпараттық жүйелерден алынған, төлемді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде қайта басталады.", "3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері мынадай негіздер бойынша:", "1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алушының қайтыс болу фактісі белгіленсе немесе ол хабарсыз кетті деп танылса;", "2) алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісі белгіленсе;", "3) отставкадағы судьяға өмір бойы ай сайынғы қамтылымды тағайындау (қайта бастау) туралы факт анықталса;", "4) уәкілетті мемлекеттік органның еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауы туралы факт анықталса;", "5) шығу елінің уәкілетті органынан зейнетақы ісіне сұрау салу келіп түссе;", "6) зейнетақы алушының ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылғанын растайтын құжат ұсыныла отырып, оның зейнетақы төлеуді тоқтату туралы өтініші келіп түссе;", "7) өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы фактісі анықталса;", "8) уәкілетті мемлекеттік органның әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болмаған, жұмыстан шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы болмаған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында және мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдар қатарынан зейнеткердің зейнеткерлік ісінен жасалған үзінді көшірме негізінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындаса, тоқтатылады." ]
258
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
205-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне құқық
[ "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі:", "1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;", "2) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттілігі тоқтатылған, өмір бойы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, өмір бойы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерін, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте еңбек сіңірген жылдары кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдарды, олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында және мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының\n1-тармағына\nсәйкес зейнеткерлiк жасқа толған адамдарға беріледі." ]
260
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
206-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу
[ "1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі:", "2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 60 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде;", "2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде;", "2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде;", "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде;", "2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 120 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.", "Тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері жыл сайын осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес қайта есептеледі.", "2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:", "1) осы Кодекстің 208-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі;", "2) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;", "3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері;", "4) \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының\n51) тармақшасына\nсәйкес 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазан аралығындағы кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі;", "5) жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (ол нақты күтімді жүзеге асырған кезде) жас балаларға күтім жасаған, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегінен аспайтын уақыт;", "6) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтім жасаған уақыт;", "7) әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер;", "8) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің жұбайы (зайыбы) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;", "9) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының (зайыптарының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен (зайыптарымен) бірге тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;", "10) \"Байқоңыр\" кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері;", "11) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған жағдай бойынша төленетін әлеуметтік төлемді алу кезеңдері;", "12) басқа адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамға күтім жасаған уақыт;", "13) осы Кодекстің 248-бабы 3-тармағының\n2) тармақшасында\nкөрсетілген адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері есепке жатқызылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Қорға әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке жатқызылады.", "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуына қарамастан беріледі.", "3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бюджет қаражаты есебінен беріледі." ]
261
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
207-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау
[ "1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:", "2001 жылғы 1 шілдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.", "Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:", "2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;", "2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;", "2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;", "2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;", "2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;", "2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;", "2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;", "2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;", "2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;", "2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.", "2. Төтенше және ең жоғары радиациялық қатері бар аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың \"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы\" Қазақстан Республикасының\nЗаңына\nсәйкес:", "1) ерлердің – 50 жасқа толғанда;", "2) әйелдердің – 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.", "3. 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.", "4. Қазақстан Республикасының\nКонституциясында\nбелгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларына, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалмайды." ]
263
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
208-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу
[ "1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде мыналар:", "1) еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтін жұмыс;", "2) әскери қызмет;", "3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;", "4) мемлекеттік қызмет;", "5) кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет;", "6) басқа адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;", "7) мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаға күтім жасаған уақыт;", "8) жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім жасаған, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;", "9) қылмыстық жауаптылыққа негізсіз тартылған және қуғын-сүргінге ұшыраған, бірақ кейіннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және айдауда болған уақыты;", "10) еңбекке қабілетті азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша басып алынған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңінде басқа мемлекеттердің аумағына зорлықпен әкетілген адамдардың (жасына қарамастан), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған, фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) ұсталған уақыт;", "11) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар жұмыс істемейтін адамдардың және оларға теңестірілген мүгедектігі бар адамдардың мүгедектікте болған уақыты;", "12) бұрынғы кеңестік мекемелердің, Қазақстан Республикасының мекемелері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің зайыбы (жұбайы) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;", "13) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;", "14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жердегі жоғары оқу орындарындағы, оның ішінде даярлық курстарындағы, арнаулы орта оқу орындарындағы, училищелердегі, мектептердегі және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарындағы, аспирантурадағы, докторантурадағы және клиникалық ординатурадағы, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарындағы оқу;", "15) ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан, әскерилендірілген күзеттегі, арнаулы байланыс органдарындағы және тау-кендік құтқару бөлімдеріндегі қызмет;", "16) Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі есепке алынады.", "2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу кезінде мыналар да:", "1) ұрыс қимылдары кезеңінде әрекет еткен армия құрамындағы, оның ішінде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңінде партизан отрядтары мен құрамаларында болуы, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерінде емделуде болған уақыт – әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындаған кезде осы қызметтің мерзімдерін есептеу үшін белгіленген тәртіппен;", "2) әскери бөлімдердегі жұмыс, оның ішінде еркін жалдамалы құрам ретіндегі жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет – екі есе мөлшерде;", "3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтар аралығында Ленинград қаласының қоршауы кезеңінде ондағы жұмыс – үш есе мөлшерде;", "4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтар аралығында Ленинград қаласының қоршауы кезеңінде онда болған уақыт – екі есе мөлшерде;", "5) Ұлы Отан соғысы кезеңінде басқа мемлекеттердің аумақтарына зорлықпен әкетілген адамдардың, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыт – екі есе мөлшерде;", "6) қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылған және қуғын-сүргінге ұшыраған, кейіннен ақталған азаматтардың, күзетпен қамауда ұсталған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген, айдауда болған, бас бостандығын шектеумен мәжбүрлеп еңбекке тартылған, колония-қоныста және психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеуде болған уақыт – үш есе мөлшерде;", "7) Семей ядролық сынақ полигонына іргелес жатқан аудандарда 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілде аралығы кезеңіндегі жұмыс және әскери қызмет – үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шілдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтар аралығындағы жұмыс және әскери қызмет – бір жарым есе мөлшерде;", "8) алапеске қарсы және обаға қарсы мекемелерде, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөніндегі инфекциялық аурулар мекемелеріндегі жұмыс – екі есе мөлшерде, сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыс – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмыстар тізбесі бойынша – бір жарым есе мөлшерде есепке алынады;", "9) толық навигациялық кезең ішінде су көлігіндегі жұмыс бір жылғы жұмыс болып есептеледі;", "10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсіптің маусымдық салалары ұйымдарындағы толық маусым ішіндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізім бойынша бір жылғы жұмыс өтіліне есептеледі." ]
264
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
209-бап. Еңбек өтілін растау
[ "1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін есепке алынады.", "2. Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді." ]
265
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
210-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
[ "1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу осы Кодекстің\n211-бабына\nсәйкес айқындалатын орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі.", "2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл ішіндегі орташа айлық кіріс негізге алына отырып жүзеге асырылады.", "Осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын кірісті қоспағанда, орташа айлық кірістің мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, Қорға әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған кіріске сай белгіленеді.", "3. \"Байқоңыр\" кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысқан кезеңдері үшін, сондай-ақ \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының\n51) тармақшасына\nсәйкес 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі үшін орташа айлық кірістің мөлшері кірістер туралы анықтамамен расталатын кіріске сәйкес белгіленеді.", "Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жүгінген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген кіріс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі.", "4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы Кодекстің 207-бабының 1 – 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:", "1) ерлерге – 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде;", "2) әйелдерге – 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.", "5. Талап етілетін еңбек өтілінен артық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін есепке алынатын кірістің 75 пайызынан аспайды.", "Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің толық көлемде есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшерінде тағайындалады.", "6. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық емес көлемде осы Кодекстің 207-бабының\n1\n–\n3-тармақтарында\nкөрсетілген азаматтардың санаттарына олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.", "7. Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінің үлесі ретінде 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне барабар түрде есептеледі.", "8. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады." ]
266
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
211-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кірісті айқындау
[ "1. 3 жылғы жұмысқа зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс қатарынан күнтізбелік 36 айдағы жұмыс кірісінің жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады.", "Өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған айлар орташа айлық кірістің мөлшерін айқындаған кезде алып тасталады және көрсетілген кезеңнің тура алдындағы немесе одан кейінгі басқа айлармен ауыстырылады.", "2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс." ]
267
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
212-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы
[ "1. Мыналардың:", "1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген және қызметтен босатылған кезде қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасына толған;", "2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген, штаттың қысқартылуына немесе өз еркі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты не құқық қорғау органы таратылған кезде шығарылған;", "3) жиырма бес және одан көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты не құқық қорғау органы таратылған кезде шығарылған әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.", "2. Мыналар:", "1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген және арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атақ, сыныптық шен бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған;", "2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген, штаттың қысқартылуына байланысты не құқық қорғау органы таратылған кезде, не өз еркі бойынша, не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты шығарылған;", "3) жиырма бес және одан көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына байланысты не құқық қорғау органы таратылған кезде, не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты шығарылған не арнаулы атақтарға және сыныптық шендерге ие болу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.", "3. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған адамдарға, олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, штаттың қысқартылуына байланысты не денсаулық жағдайы салдарынан, не Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы лауазымы қысқартылған кезде арнаулы атағы бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толуына байланысты жұмыстан шығарылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы жалпы еңбек өтілі жиырма бес және одан көп жыл болған, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құраған кезде туындайды. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдарға, олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.", "4. Қызметтен босатылған күнге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнама нормаларына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау шарттары болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, қызметке 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған адамдардың қызметтен босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар.", "5. Қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы болмаған әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болмаған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға жасына байланысты зейнетақы төлемдері осы Кодекске сәйкес тағайындалады.", "6. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдар қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларды әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттік қызметке қабылдау, оларға біліктілік сыныбын белгілеу кезінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметке қабылданған күннен бастап қызмет өткеру кезеңіне тоқтатыла тұрады.", "7. Осы баптың 6-тармағында аталған және қайтадан 3 жыл қызмет еткен адамдар қызметтен қайта босатылған кезде қызметтен қайта босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің тағайындалуын не еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттыруларды ескере отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерін қайта бастатуды таңдауға құқығы бар.", "Осы тармақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген, \"Құқық қорғау қызметі туралы\" Қазақстан Республикасы\nЗаңының\nқабылдануына байланысты 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде прокуратура органдарынан қызметтен қайтадан босатылған адамдарға қолданылады.", "8. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан жиырма бес жылдан аз еңбек сіңірген, қызметтен босатылған күнге қызметте болудың шекті жасына толған не штаттың қысқартылуына, денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.", "9. Пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар үшін осы баптың 1 – 4-тармақтарына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.", "10. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органның кінәсінан уақтылы алынбаған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей төленеді.", "11. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен олардың толық көлемге дейін жеткізілуі ескеріле отырып қайта есептеледі.", "2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда бюджет қаражаты есебінен қалыптастырылған, жеке зейнетақы шотында қалған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатады." ]
269
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
213-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін есептеу
[ "1. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ақшалай қамтылымының елу пайызы есебінен белгіленеді.", "Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте жиырма бес жылдан артық еңбек сiңiрген жылдарының әрбір толық жылы үшін осы Кодекстің 212-бабы 1-тармағының\n1)\nжәне\n2) тармақшаларына\nжәне 2-тармағының\n1)\nжәне\n2) тармақшаларына\nсәйкес тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері – ақшалай қамтылымының екі пайызына, қызметтен босатылған күнге жинақталған еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшiн ақшалай қамтылымының бір пайызына ұлғайтылады.", "Қызметтен босатылған күнге жинақталған жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін осы Кодекстің 212-бабы 1-тармағының\n3) тармақшасына\nжәне 2-тармағының\n3) тармақшасына\nжәне\n3-тармағына\nсәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері ақшалай қамтылымының бір пайызына ұлғайтылады.", "2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені, белгіленген біліктілік сыныбы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кіреді.", "3. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күні айқындалады және соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.", "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшiлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күні айқындалады.", "4. Арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.", "5. Осы Кодекстің 212-бабының\n8-тармағында\nаталған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдарының әрбір толық жылы үшін ақшалай қамтылымның 2 пайызы есебімен белгіленеді.", "6. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері осы баптың 2 – 5-тармақтарына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 65 пайызынан және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 109 еселенген мөлшерінен аспайды.", "7. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады." ]
270
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
214-бап. Еңбек сіңірген жылдарды және жалпы еңбек өтілін есептеу
[ "Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.", "Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдар күнтізбелік жылдар бойынша есептеледі.", "Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте есептелген еңбек сіңірген жылдары қайта қарауға жатпайды.", "Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың жалпы еңбек өтілін есептеу осы Кодекстің\n208-бабына\nсәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға ұқсас жүргізіледі." ]
271
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
215-бап. Әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
[ "Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады." ]
272
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
216-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру мерзімдері
[ "1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ ақшалай қамтылым төленген күннен кейін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жүгінген күнге дейін үш жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады және жүзеге асырылады.", "Өтініш пен қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органда тіркелген күн еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жүгінген күн болып есептеледі.", "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алған жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жүгінген күннен бастап жүзеге асырылады, бірақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін төлеу тоқтатылған күннен ерте жүзеге асырылмайды.", "2. Осы Кодекстің 212-бабының\n4-тармағында\nаталған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жүгінген күннен бастап тағайындалады.", "3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері жүгінген күннен бастап, бірақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте зейнетақы төленген күннен кейін жыл сайынғы индексациялар ескеріле отырып тағайындалады (қайта басталады).", "4. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ағымдағы айға жүргізіледі және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен айды қоса жүзеге асырылады.", "5. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алу үшін жүгінген күнге дейін үш жылдан аспайтын мерзімге төленеді.", "6. Стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтарда тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері осы Кодекстің\n213-бабына\nсәйкес тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз болмайтын көлемде жүргізіледі.", "Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтардың қолма-қол ақшаны бақылау шотына жүргізіледі.", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтардың көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.", "Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтардан шыққан жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады." ]
273
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
217-бап. Зейнетақы активтерінің сақталуы бойынша кепілдіктер
[ "1. Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен инфляцияның деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерде сақталуына кепілдік береді.", "2. Зейнетақы активтерінің сақталу кепілдігі:", "1) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;", "2) зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің шарттары мен тәртібін белгілеу;", "3) инвестициялық портфельді басқарушыларға осы Кодекске және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген, инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу жөнінде қойылатын талаптарды белгілеу;", "4) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерін қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы;", "5) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты тиісті талаптарды белгілеу арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттеу;", "6) тиісті нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды белгілеу арқылы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;", "7) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлеріне және басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшері мен құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;", "8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу;", "9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін кастодиан-банкте сақтау жөніндегі талаптарды белгілеу;", "10) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары мен ақшаны ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен үлестес емес кастодиан-банктерде ғана сақтауына қойылатын талаптарды белгілеу;", "11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты мен зейнетақы активтерін бөлек есепке алуды жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;", "12) зейнетақы активтерін орналастыру кезiнде әртараптандыруға және тәуекелдердi азайтуға қойылатын талаптарды белгiлеу;", "13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушылар, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiн белгілеу;", "14) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жыл сайын жүргiзудiң мiндеттiлiгi;", "15) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдар алдындағы жүйелі есептілігі;", "16) міндетті зейнетақы жарналарын салымшыға, ол үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаға (зейнетақы төлемдерін алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру;", "17) ол үшін ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаға (зейнетақы төлемдерін алушыға) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған өзінің зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыруға мүмкіндік беру;", "18) міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, ол үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын толық көлемде немесе ішінара ерікті сақтандыру;", "19) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру арқылы да қамтамасыз етіледi." ]
275
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
218-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік төлемін алу құқығы
[ "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік инфляцияның деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде:", "1) осы Кодекстің 207-бабының\n1-тармағына\nсәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарға;", "2) осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының\n2)\nжәне\n3) тармақшаларында\n, 221-бабы 1-тармағының\n2)\nжәне\n3) тармақшаларында\nкөрсетілген адамдарға қамтамасыз етіледі.", "2. Осы Кодекстің 220-бабының\n3-тармағында\nкөрсетілген, сондай-ақ 37-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын алып қойған күннен не зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударған күннен басталатын кезең үшін осы Кодекстің 207-бабының\n1-тармағында\nбелгіленген жасқа толғанға дейін жүзеге асырылған нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.", "3. Мемлекет осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының\n4) тармақшасында\nжәне 221-бабы 1-тармағының\n4) тармақшасында\nкөрсетілген адамдарға міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезден бастап осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең үшін жүзеге асырылған, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде инфляция деңгейін ескере отырып, сақталуына кепілдік береді.", "4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік осы Кодекстің 220-бабының\n3-тармағында\nкөрсетілген адамдарға зейнетақы жинақтары сомасында төленген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына қолданылмайды." ]
276
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
219-бап. Мемлекеттің кепілдігі бойынша айырманы төлеуді ұйымдастыру
[ "Осы Кодекстің 218-бабының\n1-тармағында\nкөрсетілген адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының\n1)\n–\n3) тармақшаларына\nжәне 221-бабы 1-тармағының\n1)\n–\n3) тармақшаларына\nсәйкес зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күнгі міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі түрінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.", "Егер инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма нөлді құраса немесе теріс мәнге ие болса, онда айырманы төлеу жүргізілмейді." ]
277
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
220-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
[ "1. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:", "1) осы Кодекстің 207-бабының\n1-тармағында\nкөрсетілген;", "2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;", "3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;", "4) қырық бес жасқа толған кезде осы Кодекстің\n225-бабына\nсәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмайтын сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде беріледі.", "1-1. Адамдар елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстардағы еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы болады.", "2. Егер осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы бір рет төленеді.", "3. Өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзі немесе жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшін емделуге ақы төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері мынадай шарттардың бірі болған кезде:", "егер міндетті зейнетақы жарналары салымшысының жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегінен асса;", "егер осы Кодекстің 207-бабының\n1\n,\n2\nжәне\n3-тармақтарында\nкөрсетілген адамдар үшін зейнетақы мөлшері, сондай-ақ осы Кодекстің 207-бабының\n4-тармағында\nкөрсетілген адамдардың ай сайынғы қамтылым мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын, алушының орташа айлық табысын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, жүргізіледі. Орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын табысы ескеріледі;", "егер міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасса;", "егер салымшы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болып табылса, жүргізіледі.", "4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады." ]
278
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
221-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы
[ "1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:", "1) осы Кодекстің 207-бабының\n1-тармағында\nкөрсетілген;", "2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;", "2-1) осы Кодекстің 195-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жағдайлар басталған кезде;", "3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;", "4) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай төленген адамдарға, қырық жасқа толған кезде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде төленеді.", "2. Егер осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы бір рет төленеді.", "3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады." ]
279
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
222-бап. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы
[ "1. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай аударылған адамдарға:", "1) осы Кодекстің 207-бабының\n1-тармағында\nкөзделген жағдайлар туындаған кезде;", "2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға беріледі.", "2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын параметрлерді жыл сайын белгілейді.", "3. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемінің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.", "4. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады, ағымдағы ай үшін төленеді және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққан айды қоса алғанда жүзеге асырылады.", "5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді." ]
280
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
223-бап. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері
[ "1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:", "1) елу жасқа толған;", "2) мүгедектігі бар адамдар болып табылатын;", "3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері төленеді.", "2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.", "3. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес алушы дербес айқындайды." ]
281
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
224-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру
[ "1. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдері:", "1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының\n1)\nжәне\n2) тармақшаларында\n, 221-бабы 1-тармағының\n1)\nжәне\n2) тармақшаларында\nкөрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде;", "2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде жүзеге асырылады.", "2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарынан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалады.", "Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігін зейнетақы төлемдерін алушы дербес белгілейді.", "3. Осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының\n1)\n–\n3) тармақшаларында\n, 1-1 және 4-тармақтарында және 221-бабы 1-тармағының\n1)\n–\n3) тармақшаларында\n,\n3-тармағында\nкөрсетілген адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын төлеу \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалулар ескеріле отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, алушыда бар зейнетақы жинақтары шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.", "4. Осы Кодекстің 220-бабының\n3-тармағында\nкөрсетілген адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалулар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.", "Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері:", "осы Кодекстің 220-бабы\n3-тармағының\nекінші абзацында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс;", "осы Кодекстің 220-бабы\n3-тармағының\nүшінші абзацында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс;", "осы Кодекстің 220-бабы\n3-тармағының\nтөртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс.", "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан арнаулы шоттарға аударады.", "5. Уәкілетті оператор міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді, оларды айырбастау, біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға және (немесе) кейіннен аударуға байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады.", "Уәкілетті оператордың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде осы Кодекстің 220-бабының\n3-тармағында\nкөрсетілген адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерімен байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу көрсетілген адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады." ]
282
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
225-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері
[ "1. Осы Кодекстің 207-бабының\n1-тармағында\n, 220-бабы 1-тармағының\n4) тармақшасында\nжәне 221-бабы 1-тармағының\n4) тармақшасында\nкөрсетілген адамдар міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқылы.", "Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.", "Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда осы Кодекстің 221-бабы 1-тармағының\n4) тармақшасында\nкөрсетілген адамдардың зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар.", "2. Сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан (екі адам зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшері) төмен болмауға тиіс.", "Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандырылушылардың біреуі қайтыс болған жағдайда екінші сақтандырылушы үшін сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмауға тиіс." ]
284
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
226-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
[ "1. Зейнетақы аннуитеті шарттары осы Кодекстің талаптарында айқындалған мерзімге жасалады.", "2. \"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар және бір мезгілде сақтандырушылар болып табылатын екі сақтанушы (сақтандырылушы) зейнетақы аннуитеті шартының тарапы бола алады.", "3. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасатын адам сақтандыру ұйымын еркін таңдай алады.", "4. Зейнетақы аннуитеті шарты жазбаша нысанда жасалады.", "Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны (сақтандырылушыны) сәйкестендіру үшін қажетті деректерді қамтитын сақтанушының (сақтанушылардың) немесе міндетті зейнетақы жарналары салымшысының (салымшыларының) және (немесе) өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның өтініші зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін негіз болып табылады.", "Міндетті зейнетақы жарналары сақтанушының (салымшының) және (немесе) өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның қалауы бойынша зейнетақы аннуитеті шарты сақтандырушыға жазбаша түрде жүгіну не сақтандырушының интернет-ресурсын немесе сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қатысуымен құрылған интернет-ресурсты пайдалана отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақтанушысы (салымшысы) және (немесе) өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға мен сақтандырушы арасында ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.", "Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымына және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар \"Сақтандыру қызметі туралы\" Қазақстан Республикасы Заңының\n15-2-бабында\nбелгіленеді.", "5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен сақтандыру ұйымы арасында, бір сақтандыру ұйымы мен екінші сақтандыру ұйымы арасында зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу және бұзу, қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ақпарат алмасу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арқылы жүзеге асырылады.", "6. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым осы Кодекстің және \"Сақтандыру қызметі туралы\" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.", "7. Зейнетақы аннуитеті шарты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтандыру ұйымына толық көлемде аударған кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.", "8. Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда, бірақ ол жасалған күннен бастап екі жылдан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактісін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда сақтанушының (сақтандырылушылардың – зейнетақы аннуитеті шартын екі адам жасасқан жағдайда) бастамасы бойынша ғана зейнетақы аннуитеті шартын бұзуға болады.", "\"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда сақтандыру төлемдерінің мөлшері, сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын бұзу, зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі осы баптың 2-тармағына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шартында белгіленеді.", "Зейнетақы аннуитеті шартын бұзу кезінде:", "1) онда көзделген сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің және сақтандыру ұйымының істі жүргізуге жұмсаған шығыстарының сомасы шегеріле отырып, төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасынан кем болмауға тиіс;", "2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмауға тиіс.", "9. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы және (немесе) өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған және (немесе) сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жаңадан қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар.", "10. Қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген жағдайда:", "1) сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалады;", "2) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмауға тиіс.", "11. Сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.", "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілейді.", "Сақтандыру төлемдері \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалуларды және \"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төленген жарналар ескеріле отырып, деректемелері зейнетақы аннуитеті шарттарында көрсетілетін алушының банктік шотына аударылады.", "Сақтандыру төлемдерінің сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.", "12. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.", "Сақтандыру ұйымы бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру ұйымына аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ сақтанушы:", "ерлер – 55 жасқа;", "әйелдер:", "2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52 жасқа;", "2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52,5 жасқа;", "2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53 жасқа;", "2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жасқа;", "2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жасқа;", "2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жасқа;", "2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жасқа;", "осы Кодекстің 221-бабының 1-тармағының\n4) тармақшасында\nкөрсетілген адамдар – 50 жасқа толғаннан кейін жүзеге асырады.", "13. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамдар оны жасасқан күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.", "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шарты бойынша оған өзгерістер енгізілген күнгі сатып алу сомасы және зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнгі осы Кодекстің 225-бабының\n2-тармағында\nайқындалған төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең болады.", "14. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға байланысты сатып алу сомаларын бір сақтандыру ұйымынан басқа сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитетінің шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады." ]
285
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
227-бап. Зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері
[ "1. Сақтанушының:", "1) сақтандыру ұйымы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есептерімен танысуға;", "2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу немесе қолданыстағы шарттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға;", "3) егер зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан немесе қолданыстағы шарттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін жеткіліксіз болса, меншікті қаражатын тартуға;", "4) сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүргізу үшін тәуелсіз актуарийлерді тартуға;", "5) зейнетақы аннуитеті шартының көшірмесін алуға құқығы бар.", "2. Сақтанушы:", "1) зейнетақы аннуитеті шарты жасалған немесе зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шартты және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімнің түпнұсқасын ұсына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;", "2) зейнетақы аннуитеті шарты бұзылған кезде зейнетақы аннуитеті шартын бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.", "3. Сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру сыйлықақысының сомасын бір рет және толық көлемде алады.", "4. Сақтандыру ұйымы:", "1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есептерімен таныстыруға;", "2) зейнетақы аннуитеті шартын осы Кодексте және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ресімдеуге;", "3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімде сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен жасалған шарттар бойынша деректер алмасуды жүзеге асыруға;", "4) сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жаңа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу туралы мәліметтер алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатып алу сомасын жаңа сақтандыру ұйымына аударуға;", "5) зейнетақы аннуитеті шартында көзделген, сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде құқықтары бұзылған сақтанушыға немесе сақтандырылушыға өткен әрбір күн үшін төленбеген соманың 1,5 пайызы мөлшерінде, бірақ төленбеген соманың 50 пайызынан аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуге;", "6) осы Кодекстің 226-бабының\n13-тармағында\nкөзделген өтінішті алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қайтаруға жататын ақша сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті." ]
286
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
228-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару тәртібі
[ "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шарты туралы мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.", "2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алушының алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады." ]
287
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
229-бап. Асыраушысынан айырылған адамдардың әлеуметтік қорғалу құқығы
[ "1. Туыстары мен жақындарының қайтыс болуына байланысты адамдардың мынадай:", "1) қайтыс болған асыраушысының асырауында болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;", "2) егер қайтыс болған асыраушы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер түрінде әлеуметтік қорғауға құқығы бар.", "2. Осы бапта көзделген құқықтар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.", "3. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша асыраушысынан айырылған адамдарға қосымша әлеуметтік көмек шаралары ұсынылуы мүмкін." ]
290
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
230-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу тәртібі
[ "1. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның немесе оның заңды өкілінің өтініші асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (бұдан әрі – асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем) тағайындау үшін негіз болып табылады.", "2. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті ұсыну олар \"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде талап етілмейді.", "3. Уәкілетті мемлекеттік орган:", "асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау;", "асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін айқындайды." ]
291
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
231-бап. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қабылдаудан және оларды тағайындаудан бас тарту
[ "1. Асыраушысынан айырылған адамдар үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартуға мыналар:", "1) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау, жүзеге асыру, оларды тағайындауға проактивті көрсетілетін қызмет арқылы өтініш немесе келісім беру фактілерін растайтын мәліметтер алу;", "2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданатын күні қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;", "3) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны ауыстырудан басқа) оларды тағайындауға қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;", "4) асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау құқығының болмауы;", "5) асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш берушінің келісімінің болмауы негіз болып табылады.", "2. Асыраушысынан айырылған адамдар үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартуға мыналар:", "1) асыраушысынан айырылған адамдар үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;", "2) өтініш берушінің және (немесе) асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;", "3) тексеру кезінде Қор сұратқан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжатты және (немесе) мәліметтерді ұсынбауы;", "4) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің есептелген мөлшерінің теріс мәні негіз болып табылады." ]
292
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
232-бап. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем алушылардың құқықтары мен міндеттері
[ "1. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлем алушылардың:", "1) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан, осы Кодексте көзделген тәртіппен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға;", "2) Мемлекеттік корпорациядан және Қордан асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегін алуға;", "3) мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның және Қордың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.", "2. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді алушылар:", "1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау үшін толық және анық мәліметтер ұсынуға;", "2) асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді алу кезеңінде асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем мөлшерін өзгерту немесе оларды төлеуді тоқтату үшін негіз болатын мән-жайлар туралы Мемлекеттік корпорацияға он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.", "Өтініш беруші асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемнің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда олардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден кейін ғана қайта қаралады;", "3) асыраушысынан айырылған адамдар үшін артық есептелген (төленген) жәрдемақы мен әлеуметтік төлем сомаларын – ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтаруды жүргізуге міндетті.", "3. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) Қордың кінәсінан уақтылы алынбаған не толық алынбаған асыраушысынан айырылған адамдар үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем сомалары оларға құқық туындаған күннен бастап өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей төленеді." ]
293
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
233-бап. Асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақыдан және әлеуметтік төлемнен ұстап қалу
[ "Алушының өтініші негізінде төленуге тиіс сомадан ұсталатын асыраушысынан айырылған адамдар үшін жәрдемақының, әлеуметтік төлемдердің артық есептелген (төленген) сомаларын қоспағанда, асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақыдан және әлеуметтік төлемнен ұстап қалу жүргізілмейді." ]
294
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
234-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы және оны тағайындау шарттары
[ "1. Қайтыс болған асыраушының асырауында болған отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерінің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар. Бұл ретте балаларға және осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болған-болмағанына қарамастан тағайындалады.", "Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.", "2. Мыналар:", "1) он сегіз жасқа толмаған және егер он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адамдар болып танылса, осы жастан асқан балалары (оның ішінде асырап алған балалары, өгей балалары), аға-iнiлерi, апа-сіңлілері (қарындастары) және немерелері, бұл ретте, егер еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса – аға-інілері, апа-сiңлiлерi (қарындастары) және немерелері, егер ата-аналарынан алимент алмаса – өгей балалары отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері болып есептеледі.", "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздері асырап алынған кезде де сақтайды;", "2) егер осы Кодекстің\n207-бабына\nсәйкес зейнеткерлік жасына жетсе – әкесі, шешесі (оның ішінде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;", "3) егер қайтыс болған асыраушысының сегіз жасқа толмаған балаларын, інілерін, сіңлілерін (қарындастарын) немесе немерелерін күтумен айналысса және жұмыс істемейтін болса – жасы мен еңбекке қабілеттілігіне қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың біреуі не атасы, әжесі, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi (қарындасы);", "4) егер олар осы Кодекстің\n207-бабына\nсәйкес зейнеткерлік жасқа жетсе және оларды асырауға міндетті адамдары болмаса және өмір сүру үшін басқа қаражат көздері жоқ болса, атасы мен әжесі отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері болып есептеледі.", "3. Академиялық демалыста болу кезеңін қоса алғанда, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын он сегіз жастан асқан азаматтардың оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан асырмай асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.", "4. Қайтыс болған адамның отбасы мүшелері, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздері үшін өмір сүрудің тұрақты және негізгі қаражат көзі болған көмекті алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледі.", "5. Ата-анасының екеуінен де айырылған балаларға (тұлдыр жетімдерге) тағайындалған асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар олардың заңды өкіліне төленеді.", "6. Осы параграфтың қайтыс болғандардың отбасыларына қатысты барлық нормалары, егер бұл фактілер сот тәртібімен белгіленген болса, тиісінше хабарсыз кеткендердің немесе қайтыс болды деп жарияланғандардың отбасыларына да қолданылады.", "7. Бір мезгілде мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады.", "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен өтініш барлық қажетті құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру жүргізіледі.", "8. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жәрдемақыға құқығы туындаған күннен бастап, бірақ барлық қажетті құжаттармен бірге жәрдемақы тағайындауға өтініш жасаған күнге дейін он екі айдан аспайтын уақытқа немесе \"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін тағайындалады.", "9. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы осы бапқа сәйкес қайтыс болған адамның отбасы мүшесі еңбекке қабілетсіз болып есептелетін бүкіл кезеңге, ал осы Кодекстің\n207-бабына\nсәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығын беретін жасқа толған отбасы мүшелеріне өмір бойына белгіленеді.", "10. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес асыраушысынан айырылу бойынша зейнетақы тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін іс жүзінде алған зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді." ]
296
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
235-бап. Отбасының барлық мүшесіне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
[ "1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының барлық мүшесіне ортақ асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.", "2. Отбасы мүшесінің талап етуі бойынша оның асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы үлесі бөлінеді және оған жеке төленеді.", "3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының үлесін бөлу оны бөлуге жүгінген күннен бастап жүргізіледі.", "4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелерінің саны өзгерген кезде оның мөлшері жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше ұлғайтылады немесе азайтылады.", "5. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін нақ сондай қайта қарау отбасының бір мүшесіне оны төлеу тоқтатыла тұрған немесе төлеуді тоқтата тұруға алып келген мән-жайлар өткеннен кейін қайта басталған жағдайларда да белгіленеді." ]
297
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
236-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері
[ "1. Асыраушысынан айырылған адамдарға мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.", "2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының ең жоғары мөлшері оның отбасының еңбекке қабілетсіз барлық мүшесіне 3,00 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.", "3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақының мөлшері:", "отбасының еңбекке қабілетсіз бір мүшесі болған кезде – ең төмен күнкөріс деңгейінен 0,92;", "екі мүшесі болған кезде – барлық еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне 1,70 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "үш мүшесі болған кезде – барлық еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне 2,25 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "төрт мүшесі болған кезде барлық еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне 2,60 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "бес мүшесі болған кезде – барлық еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне 2,75 ең төмен күнкөріс деңгейі тағайындалады.", "Отбасының еңбекке қабілетсіз алты және одан да көп мүшесі болған кезде жәрдемақының мөлшері әрқайсысына 3,00 ең төмен күнкөріс деңгейінің тең үлесі ретінде есептеледі.", "4. Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы әрбір балаға 1,54 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелеріне – 0,62 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке қабілетсіз барлық мүшелеріне 2,92 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады.", "5. Қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері жүгінген күннен бастап отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне 0,29 ең төмен күнкөріс деңгейіне, бірақ отбасының барлық мүшелеріне 2,92 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерге ұлғайтылады.", "6. Егер отбасының еңбекке қабілетсіз мүшесі алатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне отбасының еңбекке қабілетсіз осы мүшелері үшін белгіленген, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі." ]
298
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
237-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу
[ "1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.", "2. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы:", "егер тағайындалған жәрдемақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болса, осы Кодекстің\n236-бабында\nкөзделген мөлшерде;", "осы Кодекстің\n236-бабына\nсәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде төленеді.", "Стационар жағдайында психоневрологиялық аурулары бар және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын адамдарға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы осы Кодекстің\n236-бабына\nсәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде төленеді.", "Тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қолма-қол ақшаны бақылау шотына жүргізіледі.", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.", "3. Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы толық көлемде төленеді.", "4. Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарынан шыққан жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.", "5. Алушы уақтылы талап етпеген асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының есептелген сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш берудің алдындағы 3 жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді." ]
299
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
238-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
[ "1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу:", "1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімі өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандастың куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;", "3) алушыға және (немесе) асырауындағыларға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "4) ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, бала асырап алу туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) тағайындаған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру кезінде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеулерді жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;", "5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны (қамқоршыны) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы шешімдердің бірін қабылдау туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) тағайындаған адамға немесе қорғаншы мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді;", "6) хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару немесе азаматтың тірі болу фактісін растайтын ақпараттың түсуі фактісінің анықталуы туралы мәліметтері, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, егер азаматтың тірі болу фактісі расталса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатылады, расталмаған жағдайда – асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатылған күннен бастап қайта басталады;", "7) қайтыс болған асыраушының балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін (қарындастарын) немесе немерелерін бағып-күтумен айналысатын адамдардың жұмысқа орналасу фактісінің анықталуы туралы мәліметтері, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, егер жұмысқа орналасу фактісі расталмаса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "8) он сегіз жастан асқан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыны білім беру ұйымынан шығару туралы немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуды қайта бастаған күннен бастап қайта басталады;", "9) шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу немесе одан шығу фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап, бірақ шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алған күннен кейін қайта басталады;", "10) Қазақстан Республикасынан тыс жерде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақы алу фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап шығу елінде артық есептелген (төленген) зейнетақы сомалары өтелген кезде қайта басталады.", "2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруға алып келген мән-жайлардың аяқталғанын растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша жәрдемақыны төлеу қайта басталады.", "3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу мынадай мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады:", "1) қайтыс болу туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден түскен мәліметтер;", "2) кету елінің уәкілетті органынан жәрдемақы алушының ісін сұрату;", "3) жәрдемақы алушының ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;", "4) жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісінің анықталуы туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден түскен мәліметтер;", "5) өтініш берушінің оны негізсіз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсыну фактісінің анықталуы туралы мәліметтер." ]
300
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
239-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы
[ "1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы қайтыс болуы туралы куәлікте немесе хабарламада көрсетілген қайтыс болу күнінен бастап не міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, не оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды.", "Бұл ретте, егер қайтыс болған асыраушының қайтыс болуы туралы куәлігінде қайтыс болу күнін нақты анықтау мүмкін болмауына байланысты қайтыс болу кезеңі көрсетілсе, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы қайтыс болу кезеңі басталған күннен басталады.", "2. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған отбасының мынадай мүшелері:", "1) он сегіз жасқа толмаған және егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адамдар деп танылса, осы жастан асқан балалардың, оның ішінде асырап алған балалардың, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалуға және оны алуға құқығы бар.", "Бұл ретте аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары) мен немерелері – егер олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса немесе олар ата-аналарынан алименттер алмайтын болса.", "Осы тармақшада көрсетілген он сегіз жастан асқан:", "академиялық демалыста болу кезеңін қоса алғанда, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын немесе оқыған адамдардың оқу бітірген уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жастан асырмай асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар;", "бірінші және екінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдар болып табылатын адамдардың мүгедектікті белгілеу мерзіміне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар;", "2) егер қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының үш жасқа толмаған балаларын, бауырларын, апа-сіңлілерін (қарындастарын) немесе немерелерін күтумен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының бірінің немесе жұбайының (зайыбының) не атасының, әжесінің, аға-інісінің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар.", "3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) әрбір айырылып қалған ата-анасы үшін жүргізіледі.", "4. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлем тағайындалады.", "5. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесінің жазбаша өтініші бойынша оның әлеуметтік төлемінің үлесі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен бөлінеді және оған бөлек төленеді.", "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің үлесін бөлу Қорға жүгінген күннен бастап жүргізіледі.", "6. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің саны өзгерген жағдайда Қор уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді қайта есептеу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына сәйкес ұлғайтылады немесе азайтылады.", "Егер қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің бірі асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге жүгіну құқығын іске асырмаса, онда ол көрсетілген адамға осы баптың 5-тармағына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бөлген жағдайда Қорға жүгінген күннен бастап, ал бөлінбеген жағдайда – асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады.", "7. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға жүгіну:", "он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адам деп танылған адамдарды қоспағанда, әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген күні қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің жиырма үш жасқа толуы;", "жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының бірі немесе жұбайы (зайыбы) не атасы, әжесі, аға-iнiсi немесе апа-сіңлісі (қарындасы) күтумен айналысқан, қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) немесе немерелерінің үш жасқа толуы мерзімінен аспауға тиіс.", "8. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кезең үшін әлеуметтік аударымдар Қорға оларды тағайындауға жүгінген күннен кейін түскен жағдайда алушыға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді." ]
302
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
240-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері
[ "1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін әлеуметтік төлемге құқық туындаған күні республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызын шегеріп, кірісті алмастырудың тиісті коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына және қатысу өтіліне көбейту арқылы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындалады.", "Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.", "\n\nАсыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған оның отбасы мүшелеріне қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесі (мүшелері) әлеуметтік төлем алу құқығын сақтайтын уақыт кезеңі ішінде ай сайын жүргізіледі.", "2. Асырауындағылар санының коэффициенті асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қайтыс болғанға дейін асырауында болған адамдардың санына қарай айқындалады және асырауында бір адам болғанда 0,5; асырауында екі адам болғанда – 0,65; асырауында үш адам болғанда – 0,8; асырауында төрт және одан да көп адам болғанда – 1,0 құрайды.", "Бұл ретте кірісті алмастыру коэффициенті 0,6-ны құрайды, ал әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшері осы Кодекстің 118-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін қатысу өтілінің коэффициенті:", "алты айдан кем болғанда – 0,1;", "алтыдан он екі айға дейін – 0,7;", "он екіден жиырма төрт айға дейін – 0,75;", "жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін – 0,85;", "отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін – 0,9;", "қырық сегіз айдан алпыс айға дейін – 0,95;", "алпыстан жетпіс екі айға дейін – 1,0;", "алпыс және одан да көп айдан бастап – 1,0-ге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 0,02 қосылып отырады, бірақ 1,3-тен аспайды.", "Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдайдың, шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңіне қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңдері, еңбек, кәсіпкерлік қызмет кезеңдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері, сондай-ақ \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының\n51) тармақшасына\nсәйкес 2020 жылғы 1 сәуір – 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі есептеледі.", "3. Егер төлеуші артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және жағдайларда қайтаруды жүзеге асырмаса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары есепке алынбайды.", "4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша арттыру күні тиісті әлеуметтік төлемдер тағайындалған адамдарға жүргізіледі.", "5. Сот актілері мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының актілері негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен, әлеуметтік төлемдер мөлшерін айқындау кезінде есепке алынған кезең үшін төленген әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін кейіннен жүгінуі кезінде есепке алынбайды." ]
303
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
241-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
[ "1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден:", "1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "2) алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.", "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушы болып табылатын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтып келген адамға шығу елінде төлем алмаған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны алуға жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қайта басталады.", "Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен кезде белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кету кезеңінде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді арттыру жүргізілсе, оның мөлшері осы арттыруларды ескере отырып белгіленеді.", "Шығу елінде төлемдерді алған болса, Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүгінген күннен бастап, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету кезінде белгіленген мөлшерде қайта басталады;", "3) алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы (қамқоршы) тағайындаған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;", "4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжатының, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандастың куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;", "5) алушыға және (немесе) асырауындағыларға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "6) Алушының \"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы\" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;", "7) он сегіз жастан асқан алушыны (асырауындағы адамды) білім беру ұйымынан шығару туралы немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуды қайта бастаған күннен бастап қайта басталады;", "8) алушының қайтыс болуы (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі) туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қамқоршы (қорғаншы) тағайындаған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;", "9) алушыны ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, баланы асырап алу туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалған адамға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру кезінде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеулердің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;", "10) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қамқоршыны (қорғаншыны) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалған адамға немесе қамқоршы (қорғаншы) мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;", "11) хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына әлеуметтік аударымдардың, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының келіп түсуі немесе азаматтың тірі болу фактісін растайтын ақпараттың келіп түсуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, егер азаматтың тірі екені расталса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатылады, расталмаған жағдайда – әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "12) өтініш берушінің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтер бергені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады.", "2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем күтім бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы сақталған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың аяқталғанын растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.", "3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:", "1) алушының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем оның тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;", "2) алушының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;", "3) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған жалғыз адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қайтыс болған айды қоса алғанда жүзеге асырылады;", "4) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның мүгедектігін белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап тоқтатылады;", "5) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамды еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған жағдайда, ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады." ]
304
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
242-бап. Жерлеуге арналған біржолғы төлемдер
[ "1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет қаражатынан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 35 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізіледі.", "Ұлы Отан соғысының ардагері болып табылатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 36,6 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізіледі.", "2. Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен кейін үш жылдан кешіктірілмей берілсе, оның мөлшері алушы қайтыс болған кезде айқындалады.", "3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем жүргізеді.", "Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленеді.", "4. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтандыру ұйымы меншікті қаражаты есебінен отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 35 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асырады.", "5. Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды." ]
306
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
243-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын адамдар
[ "Міндетті әлеуметтік сақтандыруға:", "1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар;", "2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері;", "3) жеке практикамен айналысатын адамдар;", "4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар);", "6) осы Кодекске сәйкес жеке көмекшілер;", "7) \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексіне (\nСалық кодексі\n) сәйкес арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын және осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес орындаушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер жатады.", "Осы Кодекстің\n207-бабында\nкөзделген жасқа толған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды.", "Осы баптың күші қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс алып келетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде қолданылады." ]
309
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
244-бап. Әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі
[ "1. Осы Кодекстің 102-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төлеушілер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және (немесе) өз пайдасына Қорға төлеуге тиісті әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.", "3. Бірыңғай төлем құрамында әлеуметтік аударымдарды төлеуді таңдаған салық агенттері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,2 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4,5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.", "\"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының\n1-тармағында\nбелгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесі:", "2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 16,0 пайызды;", "2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,9 пайызды;", "2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 18,9 пайызды;", "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 18,1 пайызды;", "2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4 пайызды;", "2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,1 пайызды құрайды." ]
310
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
245-бап. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі
[ "1. Әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерлер мен осы Кодекстің 243-бабының\n1) тармақшасында\nкөрсетілген адамдар үшін жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төлейтін шығыстары әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.", "Жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы енгізіледі.", "Бұл ретте бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.", "Егер бір төлеушіден күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі, төленеді.", "Осы тармақтың төртінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдарға қолданылмайды.", "2. Осы Кодекстің 243-бабының\n2)\nжәне\n3) тармақшаларында\nкөрсетілген адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі мыналар:", "өзі және шаруа немесе фермер қожалықтарының мүшелері үшін – Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерін қоспағанда, өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін айқындалатын кіріске тең, бірақ \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын алатын кірісінің сомасы болып табылады.", "Бұл ретте айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.", "Егер аталған адамдардың кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болса, онда олар өз пайдасына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен әлеуметтік аударымдарды төлейді;", "жалдамалы жұмыскерлер үшін – осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төленетін шығыстар болып табылады.", "3. Осы Кодекстің 243-бабының\n4) тармақшасында\nкөрсетілген адамдар үшін осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, нысаналы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша алынатын кіріс сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.", "5. \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)\n776-2-бабында\nайқындалған қызметкердің кірісі бірыңғай төлемді есептеу объектісі болып табылады.", "Бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бірыңғай төлем төлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.", "Бұл ретте бірыңғай төлемнен әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.", "6. \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағы\n31) тармақшасының\nтоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар және өзге де заңды тұлғалар осы Кодекстің 243-бабының 6) тармақшасында көрсетілген адамдарға төлейтін материалдық пайда олар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.", "7. Қорға әлеуметтік аударымдар:", "1) \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында және\n31) тармақшасының\nтоғызыншы абзацында көрсетілген кірістерді қоспағанда, \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының\n2-тармағында\nбелгіленген;", "2) \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының\n9)\n,\n10)\n,\n12)\n,\n14)\nтармақшаларында,\n17) тармақшасының\nалтыншы абзацында,\n21)\nжәне\n50) тармақшаларында\nкөрсетілген кірістерді қоспағанда, \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының\n1-тармағында\nбелгіленген;", "3) \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 484-бабы 3-тармағының\n1) тармақшасында\nбелгіленген кірістерден төленбейді.", "Осы тармақтың қолданысы \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауына сәйкес бірыңғай төлем есептелетін жұмыскерлердің кірісіне, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдардың кірісіне қолданылмайды." ]
311
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
246-бап. Әлеуметтік аударымдарды төлеу
[ "1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлеуші Қорға әлеуметтік аударымдарды есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ай сайын есептейді және төлейді.", "2. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген мерзімде патенттің құнын әр ай үшін бөлек төлеу үшін әлеуметтік аударымдарды төлейді.", "3. Салық агенттері азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алған жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды кіріс алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейді.", "5. Салық агенттері \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының\n5-тармағында\nбелгіленген мерзімде бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүргізеді. Бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.", "6. Қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын әлеуметтік аударымдарды төлеу күні – банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан әлеуметтік аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн қолма-қол нысанда төлеушінің банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға әлеуметтік аударымдарды енгізген күн болып есептеледі.", "7. Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.", "8. Осы Кодекстің 256-бабы\n1-тармағының\nбірінші бөлігіне сәйкес есепке жазылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.", "9. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар Мемлекеттік корпорацияға, Қорға жүгінген кезде олар әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен береді." ]
312
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
247-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару
[ "1. Төлеушінің артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және жағдайларда қайтарылуға жатады.", "2. Мыналар:", "1) Қорға міндетті түрде төленуге жататын әлеуметтік аударымдар мен өсімпұл сомалары;", "2) осы Кодекстің 78-бабының\n4-тармағына\n, 85-бабының\n4-тармағына\n, 118-бабының\n4-тармағына\n, 181-бабының\n2-тармағына\n, 240-бабының\n3-тармағына\nсәйкес әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде ескерілмеген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын қоспағанда, әлеуметтік төлемді тағайындау үшін ескерілген кезең үшін есептелген артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды." ]
313
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
248-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу
[ "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агенттер осы Кодексте айқындалатын мөлшерлемелер бойынша төлеуге тиіс.", "2. Міндетті зейнетақы жарналарын:", "1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар;", "2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлейді;", "Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың кірістерінен осы Кодексте көзделген тәртіппен ұстайды және төлейді.", "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.", "Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын олар теріс себептермен лауазымынан босатылған жағдайда алып қою және бюджетке аудару қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.", "3. Мыналар:", "1) осы Кодекстің 207-бабының\n1-тармағына\nсәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар;", "2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;", "3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;", "4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.", "4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді:", "1) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалығының басшылары, олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, сондай-ақ өз пайдасына жеке практикамен айналысатын адамдар;", "2) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;", "3) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздері дербес жүзеге асырады.", "5. Агенттер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлер үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлейді.", "Агент:", "1) осы Кодекстің 207-бабының\n1-тармағына\nсәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін;", "2) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін;", "3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.", "6. Агенттер, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерлер, өзге де ақы төленетін жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлейді.", "Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есепке жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.", "Агент:", "1) осы Кодекстің 207-бабының\n1-тармағына\nсәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін;", "2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін;", "3) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін;", "4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін;", "5) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған, ай сайынғы өмір бойы жабдықталымдарды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, ай сайынғы ақшалай жабдықталымдарды алатын отставкадағы судьялар үшін;", "6) 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған адамдар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.", "7. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.", "8. Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге арналған кіріске еңбекке ақы төлеудің ақшалай түрдегі барлық түрлері және өзге де кірістер енгізіледі.", "9. Ұсталған (есептелген) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға аударылады.", "Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді:", "1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленген кірістерден кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;", "2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), шаруа және фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;", "3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер патент құнын төлеу үшін \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген мерзімде;", "4) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей;", "5) сақтандыру ұйымы – жалақыны (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;", "6) осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар – егер \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;", "8) Оператор – егер \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексінде (\nСалық кодексі\n) өзгеше көзделмесе, кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүзеге асырады.", "10. Бірыңғай төлемге енгізілген, ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агенттер \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының\n5-тармағында\nбелгіленген мерзімде Мемлекеттік корпорацияға аударады. Бірыңғай төлемнің және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.", "11. Осы Кодекстің 256-бабының\n1-тармағына\nсәйкес есепке жазылған міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды осы баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеуін қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.", "12. Міндетті зейнетақы жарналары басқа адамдардың пайдасына төленуі мүмкін емес.", "13. Резидент – заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агент ретінде қаралуы мүмкін." ]
315
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
249-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі
[ "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары:", "1) осы Кодекстің 248-бабының\n2-тармағы\nбірінші бөлігінің\n1)\nжәне\n2) тармақшаларында\nкөрсетілген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.", "Бұл ретте бір агенттен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;", "2) осы Кодекстің 102-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 248-бабы 4-тармағының\n1) тармақшасында\nкөрсетілген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.", "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін айына алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.", "Егер аталған адамдардың кірісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем болған жағдайда, олар республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы;", "3) осы Кодекстің 248-бабы 4-тармағының\n2)\nжәне\n3) тармақшаларында\nкөрсетілген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.", "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі.", "Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін айына алынатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;", "2. \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)\n89-1-тарауында\nкөрсетілген бірыңғай төлем құрамында міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді таңдаған салық агенттері үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:", "2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50,0 пайызды;", "2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 46,5 пайызды;", "2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 42,0 пайызды;", "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 40,3 пайызды;", "2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,8 пайызды;", "2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,0 пайызды құрайды." ]
316
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
250-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды жүзеге асыру тәртібі
[ "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы Кодекстің 248-бабының\n5-тармағында\nкөрсетілген адамдар үшін төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскердің ай сайынғы кірісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.", "2. Агенттер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады.", "Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижесімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда, агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды." ]
317
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
251-бап. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды жүзеге асыру тәртібі
[ "1. Жұмыс берушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары агенттің, өзге де ақы төленетін жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдардың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскерлердің ай сайынғы табысынан:", "2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз мөлшерінде;", "2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз мөлшерінде;", "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз мөлшерінде;", "2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз мөлшерінде;", "2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.", "2. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табыс осы Кодекстің 249-бабына сәйкес белгіленеді.", "Бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірісі жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.", "3. \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)\n89-1-тарауында\nкөрсетілген бірыңғай төлем құрамында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді таңдаған салық агенттері үшін жалақыдан бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:", "2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 6,95 пайызды;", "2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10,5 пайызды;", "2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,1 пайызды;", "2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4 пайызды;", "2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 19,0 пайызды құрайды.", "4. Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы төлейді." ]
318
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
252-бап. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі
[ "1. Ерікті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары – жеке тұлғалар ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан кезде ол өз пайдасына өз кірісі есебінен енгізеді.", "2. Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы ерікті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдауға құқылы.", "3. Жеке және заңды тұлғалар алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары бола алады.", "4. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері мен оларды төлеудің мерзімділігін ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы өзі дербес айқындайды." ]
319
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
253-бап. Кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызу
[ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтеудің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына \"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасасқан келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есепке жатқызады." ]
320
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
254-бап. Аударылған міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді ұсыну
[ "1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, агенттер \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімде міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) сомалары бойынша мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация ұсынады.", "Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілейді.", "2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияда осы Кодекстің 248-бабына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарға қатысты міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігіндегі мәліметтер көрсетілмейді." ]
321
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
255-бап. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
[ "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді." ]
324
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
256-бап. Төлеушінің әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін, агенттің міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшін жауаптылығы
[ "1. Уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген әлеуметтік аударымдардың сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе төлеуші мерзімі өткен әрбір күн үшін (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен аударуға тиіс.", "Жұмыскер нақты төлеген және табыс алған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының агент уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агент міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға жарналарды төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен аударуға тиіс.", "2. Мемлекеттік кіріс органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатына жатқызылған, төлеушіде әлеуметтік аударымдар бойынша, агентте міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге немесе агентке берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.", "Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.", "3. Әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:", "Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге немесе агентке хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;", "Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге немесе агентке хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң төлеушінің немесе агенттің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.", "Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен төлеушілердің немесе агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және өсімпұлды аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.", "Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші немесе агент Қорға немесе Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен қолма-қол ақшаны олар келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей аудару арқылы бұлжытпай орындауға тиіс.", "Төлеушінің, агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.", "4. Мемлекеттік кіріс органының төлеушінің немесе агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдер шығарған мемлекеттік кіріс органы әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.", "5. Әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың немесе пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін:", "1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші немесе агент – өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;", "2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші немесе агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарламаны жіберген мемлекеттік кіріс органына ұсынады.", "6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төлеуші немесе агент ұсынған тізімдер негізінде мемлекеттік кіріс органы әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын тізімдерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушілердің немесе агенттердің банктік шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.", "Әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша төлеушілердің немесе агенттердің банктік шоттарынан берешекті өндіріп алу төлеуші немесе агент ұсынған тізімдер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.", "Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.", "Төлеушінің немесе агенттің банктік шотында ұлттық валютадағы ақша болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада берген инкассалық өкімдер негізінде төлеушінің немесе агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.", "7. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар төлеушілердің немесе агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.", "8. Мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің немесе агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар төлеушілердің, агенттердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды." ]
325
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
257-бап. Дауларды шешу
[ "Осы Кодексті орындау бойынша жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар, Қор, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік корпорация арасында туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі." ]
326
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
258-бап. Негізгі ережелер
[ "1. Қазақстан Республикасының мынадай салаларда:", "мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;", "халықты жұмыспен қамту;", "арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;", "әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру салаларындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға және олардың сақталуын тексеруге бағытталған шаралар кешені әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау болып табылады.", "2. Жеке тұлғалар және меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.", "3. Берілген құзырет шеңберінде әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды:", "мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақтылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы бөлігінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша – уәкілетті мемлекеттік орган;", "мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау (жұмыс берушілердің міндеттері бөлігінде) және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша – мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары;", "бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтері бөлігінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган;", "салық агенттері мен дара кәсіпкерлердің өзі үшін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды есептеуді, ұстап қалуды және аударуды толық және уақтылы жүзеге асыруын бақылау бойынша мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.", "4. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бақылау және тексеру нысанында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де нысандарда жүзеге асырылады." ]
328
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
259-бап. Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
[ "1. Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары, мемлекеттік еңбек инспекторлары, уәкілетті органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.", "2. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларына:", "1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы – уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;", "2) мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторлары – уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары;", "3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы – уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды адам;", "4) мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары – уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды адамдар жатады.", "3. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес берілген бақылау функцияларын іске асырады.", "4. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторына қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.", "5. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының нұсқамаларын бақылау субъектілері орындауға міндетті." ]
329
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
260-бап. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының құқықтары мен міндеттері
[ "1. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының\n1-тармағында\nжәне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтардан басқа:", "1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;", "2) тексеру субъектілерінен өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті түсініктемелерді сұратуға және алуға;", "3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.", "2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы тексеру нәтижелері негізінде бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою, олардың профилактикасы, оларды болғызбау, жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама шығаруға құқылы.", "3. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының\n3-тармағында\nкөрсетілген міндеттерден басқа:", "1) тексеру нәтижелері бойынша уақтылы шаралар қабылдауға және әлеуметтік қорғау саласында бұзушылық фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген ден қою актілерін шығаруға;", "2) әлеуметтік жұмыскер біліктілік талаптарына және арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, өздеріне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда әлеуметтік жұмыскерді жұмыстан уақытша шеттету туралы нұсқама шығаруға;", "3) арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін фактілер анықталған жағдайда тексерілетін субъектінің лауазымды адамдары мен жұмыскерлерін жұмыстан уақытша шеттету туралы нұсқама шығаруға міндетті." ]
330
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
261-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
[ "Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға, сотқа шағым жасалуы мүмкін." ]
331
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
262-бап. Өтпелі ережелер
[ "1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған құқықтық қатынастар осы Кодекске сәйкес регламенттеледі.", "2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін айқындалған \"Алтын алқа\" алқасымен наградталған немесе бұрын \"Батыр ана\" атағын алған, I және II дәрежелі \"Ана даңқы\" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері осы Кодекстің\n94-бабында\nкөзделген мөлшерге сәйкес қайта есептелуге жатады.", "3. Зейнетақы жинақтары зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру шеңберінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген жеке тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттары ашылған күннен бастап міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарға қосылған болып есептеледі.", "Жинақтаушы зейнетақы қоры деп Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданысы тоқтатылған, зейнетақы жарналарын және зейнетақы төлемдерін тарту жөніндегі қызметті жүзеге асырған заңды тұлға түсініледі.", "4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген жеке тұлғалар алдындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының барлық міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқор болып табылады.", "5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның сұрау салуы бойынша, осы Кодекстің\n55-бабында\nкөзделген ережелерді ескере отырып, осы баптың 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған зейнетақы жинақтарының жинақтаушы зейнетақы қорында болу кезеңіндегі зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты төлемақы алмай ұсынады.", "6. 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:", "1) осы Кодекстің 27-бабы\n2-тармағының\nбірінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"2. \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)\n774-бабына\nсәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлеуші:\";", "2) осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"1. \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)\n774-бабына\nсәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың төлемдерін қоспағанда, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе мерзімі өткен әрбір күн үшін (Қорға төленген күнді қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен төлеушінің аударуына жатады.\";", "3) осы Кодекстің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және аудару, олар бойынша өндіріп алу, оларды сақтау және есепке алу, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ шартты зейнетақы шоттарының құпиясы мәселелерін реттейтін нормаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын.", "7. Мыналардың:", "1) осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының\n18) тармақшасы\nбірінші абзацының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, бұл абзац 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"18) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)\n774-бабына\nсәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;\";", "2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"18) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам.\";", "2) осы Кодекстің 243-бабы\n4) тармақшасының\n, 245-бабы\n3-тармағының\n, 246-бабы\n3-тармағының\nқолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын." ]
333
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
263-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
[ "1. Осы Кодекс 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.", "2. Осы Кодекстің 226-бабы\n13-тармағының\nкүші осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.", "3. Мыналар:", "1) осы Кодекстің 17-бабы 1-тармағының\n23)\n,\n24)\n,\n25)\n,\n26) тармақшалары\n, 78-бабы\n2-тармағының\nтөртінші және бесінші бөліктері, 85-бабы\n1-тармағының\nбесінші және алтыншы бөліктері, 113-бабы\n1-тармағының\nекінші бөлігі, 181-бабының\n3-тармағы\n, 240-бабының\n1-тармағының\nекінші және үшінші бөліктері, 243-бабының\n5) тармақшасы\n, 244-бабының\n2-тармағы\n, 245-бабының\n4-тармағы\n, 246-бабының\n4-тармағы\n, 248-бабы 9-тармағының\n7) тармақшасы\n, 249-бабы 1-тармағының\n4) тармақшасы\n2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады;", "2) осы Кодекстің 35-бабы 2-тармағының\n24)\nжәне\n25) тармақшалары\n, 226-бабы\n4) тармағының\nүшінші және төртінші абзацтары,\n5-тармағы\n, 227-бабы 4-тармағының\n3)\nжәне\n4) тармақшалары\n2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;", "3) осы Кодекстің 138-бабының\n5) тармақшасы\n, 142-бабының\n2-тармағы\n,\n156-бабы\n2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;", "4) осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының\n53) тармақшасы\n2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі деп белгіленсін.", "4. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:", "1) 40-баптың\n5-тармағының\nбірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"5. Агенттер:", "1) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есептеуге) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге;", "2) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Кодекстің 255-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.\";", "2) 122-баптың\n1-тармағы\nмынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"1. Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде қызметі \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 213-бабы 1-тармағының\n1) тармақшасына\nсәйкес тоқтатыла тұрған дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және (немесе) әлеуметтік бейімдеу қажеттілігі болған кезде көрсетіледі.\".", "3) 228-баптың\n1-тармағы\nмынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шарты туралы мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.\".", "5. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:", "1) 120-баптың\n3-тармағы\nмынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"3. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін уәкілетті мемлекеттік орган статистика саласындағы мемлекеттік орган есептейтін халықтың медианалық кірісі негізінде мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты орташа есеппен жан басына шаққандағы пайыздық мәнде айқындайды.\";", "2) 135-баптың 1-тармағының\n1) тармақшасы\nмынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған конкурстарға, стратегиялық әріптестікті іске асыруға Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырысқа, гранттарға және сыйлықақыларға қатысуға;\";", "3)\n136-бап\nмынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"136-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың тіркелімі мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі", "1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдардың тіркелімі – әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілер ретінде тіркелген ұйымдардың электрондық тізбесі.", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі – әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың электрондық тізімі.", "2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ұйымдар мен мамандарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық нысанда есепке алу үшін қалыптастырылады.", "3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімінде және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімінде қамтылған мәліметтер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар мен мамандардың келісімімен жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.\";", "4) 139-баптың\n1-тармағы\nмынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) тұрғылықты жері бойынша Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға келісетіні туралы хабарлама жіберіледі.", "Проактивті қызмет арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды ресімдеуге жүгінген күн осы қызметті көрсетуге құжаттарды ресімдеуге келісім алған күн болып саналады.\";", "5-1. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:", "1) 1-баптың 1-тармағы\n119) тармақшасының\nбесінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"Осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады;\";", "2) 17-баптың\n1-тармағының\n22-2) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"22-2) интернет-платформа операторы жүргізген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) оларды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қате (артық) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыруды;\";", "3) 102-1-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"1. Оператор арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың кірістерінен осы Кодекске сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, \"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы\" Қазақстан Республикасының\nЗаңына\nсәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды және \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексіне (\nСалық кодексі\n) сәйкес жеке табыс салығын ұстап қалуды және ұсталған сомаларды аударуды жүргізеді.\";", "\"4. Орындаушының осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, \"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауының, сондай-ақ Оператордың осы бапта көрсетілген жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы мен аударуының тәртібін денсаулық сақтау саласында, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, ақпараттандыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.", "6. 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап:", "1) 1-баптың 1-тармағының\n75)\nжәне\n79) тармақшалары\nмынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"75) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жасына байланысты ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері;\";", "\"79) ең төмен зейнетақы мөлшері – осы Кодекстің\n205-бабында\nкөрсетілген адамдар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері;\";", "2) 202-баптың\n3-тармағы\nмынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"3. Қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұрып жатқан және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға жасына байланысты зейнетақы төлемдері:", "1) егер осы нормаға сәйкес есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жасына байланысты зейнетақының ең төмен мөлшерінен төмен болса, осы Кодекстің 210-бабының\n6-тармағында\nкөзделген көлемде;", "2) осы Кодекстің\n210-бабына\nсәйкес есептелген, жасына байланысты зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жасына байланысты зейнетақының ең төмен мөлшерінен кем емес көлемде жүргізіледі.", "Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қолма-қол ақшаны бақылау шотына жүргізіледі.", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.\";", "3) 210-баптың\n5-тармағы\nмынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"5. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін талап етілетін еңбек өтілінен тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғаяды, бірақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін кірістің 75 пайызынан аспайды.", "Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшері толық көлемде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін жасына байланысты зейнетақының ең төмен мөлшерінен төмен болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері жасына байланысты зейнетақының ең төмен мөлшерінде тағайындалады.\";", "4) 216-баптың\n6-тармағы\nмынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұрып жатқан және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері осы Кодекстің\n213-бабына\nсәйкес тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жасына байланысты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде жүргізіледі.", "Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қолма-қол ақшаны бақылау шотына жүргізіледі.", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.", "Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шыққан жағдайда шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.\";", "5) 220-баптың\n2-тармағы\nмынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:", "\"2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жасына байланысты ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда бір рет төленеді.", "7. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың:", "1) \"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы\" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы\nЗаңының\n;", "2) \"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы\" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы\nЗаңының\n;", "3) \"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы\" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы\nЗаңының\n;", "4) \"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы\" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы\nЗаңының\n;", "5) \"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы\" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы\nЗаңының\n;", "6) \"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы\" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы\nЗаңының\n;", "7) \"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы\" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы\nЗаңының\n;", "8) \"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы\" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасы\nЗаңының\n;", "9) \"Халықты жұмыспен қамту туралы\" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы\nЗаңының\n;", "10) \"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы\" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы\nЗаңының\nкүші жойылды деп танылсын.", "\nҚазақстан Республикасының Президенті \n\n\nҚ. ТОҚАЕВ" ]
334
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
[ "1. Осы Кодекс адам мен табиғаттың өзара іс-қимылы (экологиялық қатынастар) саласында жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті қызметті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.", "Осы Кодексте реттелетін қатынастарға мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың экологиялық және гидрометеорологиялық ақпаратқа қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастар да жатады.", "2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласында, сондай-ақ қолданылу шамасына қарай, оларды сақтау, қалпына келтіру және молықтыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, табиғи ресурстың түріне қарай тиісінше Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану саласындағы өзге де заңнамасында реттеледі.", "3. Қоршаған ортаны қорғау саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін қажетті және осы Кодекске қайшы келмейтін шамада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттеледі.", "4. Техникалық реттеу саласында және стандарттау саласында өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне (бұдан әрі – процестер), сәйкестікті бағалауға және растауға, аккредиттеуге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау кезінде, сондай-ақ осы Кодекске қайшы келмейтін шамада туындайтын қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар тиісінше Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы және стандарттау туралы заңнамасында реттеледі.", "5. Атом энергиясын пайдалану және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы арнаулы заңнамасында реттеледі.", "6. Биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қоғамдық қатынастар осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы арнаулы заңнамасында реттеледі.", "7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар осы Кодексте реттелетін қатынастардың субъектілері болып табылады." ]
338
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
2-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы
[ "1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.", "2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында және айрықша экономикалық аймағында халықаралық құқық нормаларына сәйкес қолданылады.", "3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар, халықаралық шарттан оны қолдану үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісін шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, экологиялық қатынастарға тікелей қолданылады.", "4. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа ретте, экологиялық қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының басқа заңдарына енгізуге тыйым салынады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының экологиялық қатынастарды реттейтін нормалар қамтылған өзге де заңдары арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.", "5. Экологиялық қатынастар осы Кодекстің нормаларында реттелмеген жағдайларда оларға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы қолданылады." ]
339
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
3-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасының мақсаты мен міндеттері
[ "1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасының мақсаты Қазақстан Республикасында бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырудың құқықтық негіздерін, міндеттері мен қағидаттарын, сондай-ақ тетіктерін айқындау болып табылады.", "2. Қазақстан Республикасы экология заңнамасының міндеттері:", "1) қоршаған ортаның ластануын болғызбауға, кез келген нысандарда экологиялық залалдың келтірілуіне жол бермеуге және келтірілген экологиялық залалдың салдарларын жоюды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсерді біртіндеп азайтуға бағытталған мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;", "2) адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету;", "3) Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздерін қамтамасыз ету;", "4) орнықты даму тұрғысынан климаттың өзгеру қатеріне жаһандық ден қоюды нығайтуға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне және \"жасыл\" экономикаға көшуге бейімделу жөніндегі халықаралық, өңірлік және трансшекаралық бағдарламаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының үлесін қамтамасыз ету;", "5) қоршаған ортаны, оның ішінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықты білдіретін аумақтар мен объектілерді қорғау, сақтау және қалпына келтіру;", "6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың барлық мемлекеттік органның өзара іс-қимыл жасауы мен қызметін үйлестіруді көздейтін тиімді жүйесін қалыптастыру;", "7) мемлекеттің \"жасыл\" инвестициялар тартуды және ең үздік қолжетімді техникаларды, ресурс үнемдейтін технологиялар мен практикаларды кеңінен қолдануды, түзілетін қалдықтардың көлемін азайтуды және қауіптілік деңгейін төмендетуді және оларды тиімді басқаруды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды, суды үнемдеуді, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру, табиғи ресурстарды орнықты пайдалану, қалпына келтіру және молықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруды көтермелеуі және ынталандыруы;", "8) жұртшылық үшін экологиялық ақпараттың тұрақты және жүйелі жиналуын, жинақталуын, сақталуын, талдануы мен таратылуын, оның ішінде заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау, осы құқықты іске асырудың негізгі шарттарын, тәртібі мен ерекшеліктерін айқындау;", "9) қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының орнықты даму мәселелерін шешуде жариялылықты және жұртшылықтың жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету;", "10) тиімді экологиялық мониторинг пен экологиялық бақылауды қамтамасыз ету;", "11) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңасын салуға инвестициялар тарту үшін жағдай жасау;", "12) қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің орындалуын, халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;", "13) қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, барлық білім беру деңгейінде экологиялық білімді насихаттау, орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында экологиялық білім беру мен ағартуды дамыту;", "14) қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңдылық пен құқық тәртібін нығайту." ]
340
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
4-бап. Экологиялық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздері
[ "1. Қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін әділ қанағаттандыру мақсатында экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілген және табиғи ресурстар экологиялық теңгерімді пайдаланылған кезде экологиялық орнықтылықты бұзбай қол жеткізілетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы орнықты даму деп танылады.", "2. Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздері мыналар болып табылады:", "1) қоршаған ортаға антропогендік әсер барынша азайтылған, жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тұтыну қысқартылған, қалдықтардың түзілу және көмілу деңгейі төмендетілген, сондай-ақ оларды қайталама ресурстар ретінде пайдалану ынталандырылған кезде халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасының артуымен сипатталатын өндіріс пен тұтынудың орнықты модельдерін қалыптастыру және қолдау;", "2) табиғи экологиялық жүйелердің орнықты жұмыс істеуі, биологиялық әртүрлілікті (бұдан әрі – биоәртүрлілікті) сақтау және орнықты пайдалану, табиғи ортаның тозуына жол бермеу және оны жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру, шөлейттенумен күрес;", "3) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруін болғызбау және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі, сондай-ақ Жер атмосферасының озон қабатын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру арқылы климаттың өзгеру қатеріне жаһандық ден қоюға қатысуы;", "4) Жер экожүйесінің саламатты жай-күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы;", "5) Қазақстан Республикасының экология заңнамасын халықаралық құқықтың қағидаттарымен және нормаларымен үйлестіру және халықаралық экологиялық құқықты дамытуға жәрдемдесу;", "6) экологиялық залал немесе адамның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіретін кез келген қызметтің түрлерін және заттардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге көшіруді және ауыстыруды тежеу, болғызбау, сондай-ақ сақтық қағидатына сәйкес алдын алу шараларын қабылдау.", "3. Адамның, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен өмірлік маңызды мүдделерінің қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер ету салдарынан туындайтын қатерлерден қорғалу жағдайы ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік деп түсініледі." ]
341
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
5-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасының қағидаттары
[ "Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:", "1) болғызбау қағидаты: қоршаған ортаның ластануын, табиғи ортаның тозуын, экологиялық залал және адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілуін туғызатын немесе туғызуы мүмкін кез келген қызмет осы Кодексте белгіленген шеңберде, қоршаған ортаға әсер ету көзінің өзінде көрсетілген салдарлардың туындауын болғызбау жөніндегі барлық қажетті шаралар қамтамасыз етілген жағдайда ғана жол беріледі;", "2) түзету қағидаты: экологиялық залал толық көлемде жойылуға тиіс. Келтірілген экологиялық залалды толық жою мүмкін болмаған кезде, оның салдарлары ғылыми-техникалық дамудың заманауи деңгейі кезінде қаншалықты мүмкін болғанынша азайтылуға тиіс. Келтірілген экологиялық залалдың салдарын жойылмаған немесе азайтылмаған шамада оларды осы Кодекске сәйкес балама ремедиация жүргізу арқылы ауыстыру қамтамасыз етіледі;", "3) сақтық қағидаты: қандай да бір қызметтің салдарынан табиғи ортаға және (немесе) оның жекелеген құрамдастарына елеулі және орны толмайтын салдарлары бар экологиялық залал немесе адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіру қатері болған кезде, көрсетілген теріс салдарлардың басталу ықтималдығын негіздеу және жеткілікті түрде дәл бағалау мүмкіндігі ғылыми және техникалық білімнің заманауи деңгейінде болмауына қарамастан, экономикалық орынды шығындар кезінде осындай салдарлардың басталуын болғызбау бойынша тиімді және пропорционалды шаралар қабылдануға тиіс;", "4) пропорционалдық қағидаты: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасы экология заңнамасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға жеткілікті болып табылатын дәрежеде қамтамасыз етіледі. Бұл ретте ауыртпалығы барынша аз болатын нұсқаға артықшылық беріледі;", "5) \"ластаушы төлейді\" қағидаты: қызметі қоршаған ортаның ластануын, табиғи ортаның тозуын, кез келген нысанда экологиялық залал не адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілуін туғызатын немесе туғызуы мүмкін тұлға Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, өз қызметінің жағымсыз салдарларын болғызбау және бақылау жөніндегі, оның ішінде келтірілген экологиялық залалды түзету қағидатына сәйкес жою жөніндегі талаптарды орындау бойынша барлық шығыстарды көтереді;", "6) орнықты даму қағидаты: табиғат пен оның ресурстары Қазақстан Республикасының байлығын құрайды және оларды пайдалану орнықты болуға тиіс. Мемлекет табиғи ресурстарды қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін теңгерімді және ұтымды басқаруды қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде табиғи экологиялық жүйелердің сақталуына және олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, судың үнемделуіне, энергияның үнемделуіне және энергияның тиімділігін арттыруға, жаңартылмайтын энергия және шикізат ресурстарын тұтынудың қысқартылуына, жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына, қалдықтардың түзілуін барынша азайтуға, сондай-ақ олардың қайталама ресурстар ретінде пайдаланылуына басымдық беріледі;", "7) интеграция қағидаты: Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық саласындағы мемлекеттік саясаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму міндеттері мен орнықты дамуының экологиялық негіздерін қамтамасыз ету қажеттігі, оның ішінде қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейі мен оның сапасын жақсарту арасындағы теңгерім сақталған жағдайда қалыптастырылады және іске асырылады;", "8) экологиялық ақпараттың қолжетімділігі қағидаты: мемлекет Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын негізге ала отырып, заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығының сақталуын қамтамасыз етеді.", "9) қоғамдық қатысу қағидаты: жұртшылықтың осы Кодексте белгіленген шарттарда және тәртіппен қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының орнықты даму мәселелерін қозғайтын шешімдер қабылдауға қатысуға құқығы бар. Жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мүдделерін қозғайтын және Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысуы әртүрлі нұсқаларды қарау үшін барлық мүмкіндік ашық болатын және жұртшылықтың тиімді қатысуы қамтамасыз етіле алатын ерте кезеңнен бастап қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдануы жоспарланған, қоршаған ортаның жай-күйіне әсер етуге қабілетті шешімдердің жариялылығын жұртшылықтың оларды қабылдау кезінде ескерілетін өз пікірін айтуына мүмкіндік беретін шарттарда қамтамасыз етеді;", "10) экожүйелік ұстаным қағидаты: мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар іске асырылуы нәтижесінде қоршаған ортаның жай-күйіне жағымсыз салдарлар туындайтын немесе туындауы мүмкін шешімдерді жоспарлаған және қабылдаған кезде табиғи экологиялық жүйелердің, тірі организмдердің, табиғи ландшафтардың, өзге де табиғи, табиғи-антропогендік және антропогендік объектілердің тұтастығы мен табиғи өзара байланыстары және табиғи ортаның табиғи теңгерімін сақтау қажеттігі ескерілуге тиіс. Бұл ретте табиғи ландшафтардың, табиғи кешендер мен биоәртүрліліктің сақталуына, табиғи экологиялық жүйелердің сақталуы мен орнықты жұмыс істеуіне, сондай-ақ осындай экологиялық жүйелер ұсынатын көрсетілетін қызметтерге теріс әсер етілуіне жол бермеуге басымдық берілуге тиіс." ]
342
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
6-бап. Қоршаған орта
[ "1. Табиғи орта мен антропогендік ортаны қамтитын, адамды қоршап тұрған жағдайлардың, материалдық дүние заттары мен объектілерінің жиынтығы қоршаған орта деп танылады.", "2. Атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулары, жер беті және топырақ қабаты, жер қойнауы, өсімдіктер әлемі, жануарлар дүниесі және өзге де организмдер, озон қабатын қоса алғанда, Жер атмосферасының барлық қабаты, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылында Жерде өмір сүру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін климат табиғи ортаның құрамдастары болып табылады.", "Антропогендік объектілер, сондай-ақ адам қолдан қайта өсіретін және табиғи еркіндік жағдайында мекендемейтін тірі организмдер табиғи ортаның құрамдастарына жатпайды.", "3. Табиғи ортаның белгілі бір шекаралары, өмір сүру жағдайлары мен режимі бар, өзара байланысқан жекелеген құрамдастарының жиынтығы табиғи және табиғи-антропогендік объектілерге бөлінеді.", "4. Табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ландшафтар, сондай-ақ оларды құрайтын, өздерінің табиғи қасиеттерін сақтаған элементтер табиғи объектілер деп танылады.", "Географиялық және өзге де тиісті белгілермен біріктірілген, функционалдық және табиғи жағынан өзара байланысқан табиғи объектілер жекелеген табиғи кешендерді құрайды.", "5. Табиғи-антропогендік объектілерге:", "1) адам қызметінің нәтижесінде арнайы өзгертілген, бірақ табиғи объектінің қасиеттерін сақтаған табиғи объектілер;", "2) табиғи объект қасиеттеріне ие, рекреациялық маңызы бар және (немесе) табиғи орта үшін қорғау-сақтау функциясын орындайтын қолдан жасалған объектілер жатады.", "6. Адамның күнделікті мекендеу ортасын білдіретін, қолдан жасалған жағдайлар мен антропогендік объектілердің жиынтығы антропогендік орта деп танылады. Адам өзінің әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жасаған немесе өзгерткен және табиғи объектілердің қасиеттеріне ие болмайтын материалдық дүние объектілері антропогендік объектілер деп танылады." ]
344
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
7-бап. Қоршаған ортаның сапасы
[ "1. Қоршаған ортаның сапасы деп қоршаған ортаның қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы түсініледі, олар оның құрамдастарының өзара іс-қимылындағы жай-күйін көрсететін физикалық, химиялық, биологиялық және өзге де көрсеткіштер негізінде айқындалады.", "2. Қоршаған орта, егер оның сапасы табиғи ортаның экологиялық қауіпсіздігі мен табиғи теңгерімін, оның ішінде экологиялық жүйелердің, табиғи және табиғи-антропогендік объектілер мен табиғи кешендердің орнықты жұмыс істеуін, сондай-ақ биоәртүрліліктің сақталуын қамтамасыз ететін болса, адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы деп есептеледі." ]
345
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
8-бап. Қоршаған ортаны қорғау
[ "Қоршаған ортаны қорғау мемлекет, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын, табиғи ортаны сақтауға және қалпына келтіруге, қоршаған ортаның ластануын және оған кез келген нысандарда залал келтірілуін болғызбауға, қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсерді барынша азайтуға және оның салдарларын жоюға, Қазақстан Республикасының орнықты дамуының өзге де экологиялық негіздерін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін білдіреді." ]
346
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
9-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектілері
[ "1. Табиғи ортаның барлық құрамдасы, биоәртүрлілік, генофонд және тірі организмдердің генетикалық ресурстары, табиғи және табиғи-антропогендік объектілер жойылудан, тозудан, сарқылудан, бүлінуден, ластанудан немесе өзге де зиянды әсер етуден қорғалуға жатады.", "2. Жекелеген объектілер Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес ерекше қорғалуға жатады." ]
347
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
10-бап. Қоршаған ортаға антропогендік әсер ету туралы жалпы ережелер
[ "1. Қоршаған ортаға антропогендік әсер ету деп адам қызметінің қоршаған ортаға:", "1) антропогендік объектілерден босап шығатын ластағыш заттардың атмосфералық ауаға, суға, жерге немесе оның беткі қабатының астына түсуі деп түсінілетін эмиссиялар;", "2) қоршаған орта құрамдастарының табиғи температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерінің өзгеруін туғызатын шудың, дірілдің, электромагнит өрістерінің, иондаушы сәулеленудің, температуралық және басқа да физикалық факторлардың әсер етуі деп түсінілетін объектілердің қоршаған ортаға физикалық әсері;", "3) қалдықтарды көму, оларды жер бетінде заңсыз орналастыру немесе олардың су объектілеріне түсуі;", "4) антропогендік объектілерден босап шығатын парниктік газдардың атмосфералық ауаға түсуі;", "5) объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды, құрылыстарды, коммуникацияларды) салу және пайдалану, сондай-ақ өз ресурсын игеріп біткен объектілерді кейіннен кәдеге жарату (сүріп тастау);", "6) табиғи ортаның табиғи ресурстары мен пайдалы қасиеттерін, оның ішінде оларды уақытша немесе қайтарымсыз алып қою арқылы пайдалану;", "7) жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі объектілерін табиғи ортаға жерсіндіру, оның ішінде қоршаған ортаға әдейі жіберу және генетикалық түрлендірілген организмдерді нарықта өткізу (орналастыру);", "8) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу түріндегі тікелей немесе жанама ықпалы түсініледі.", "2. Нәтижесінде адамның денсаулығына және (немесе) өміріне, мүлікке зиян келтірілуі мүмкін және (немесе) қоршаған ортаның ластануына, экологиялық залал келтірілуіне және (немесе) табиғи орта сапасының, оның ішінде:", "1) табиғи орта құрамдастарының сарқылуы немесе тозуы;", "2) табиғи және табиғи-антропогендік объектілер мен олардың кешендерін жою немесе олардың орнықты жұмыс істеуін бұзу;", "3) биоәртүрліліктің жоғалуы немесе азаюы;", "4) табиғи ортаны, оның ресурстары мен қасиеттерін рекреациялық және заңда рұқсат етілген өзге де мақсаттарда пайдалануға кедергілер туындауы;", "5) табиғи ортаның эстетикалық құндылығының төмендеуі нысанындағы өзге де жағымсыз өзгерістеріне алып келетін немесе алып келуі мүмкін қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің кез келген нысандары зиянды деп танылады." ]
348
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
11-бап. Қоршаған ортаның ластануы
[ "1. Қоршаған ортаның ластануы деп атмосфералық ауада, жерүсті және жерасты суларында, топырақта немесе жер бетінде ластағыш заттардың, жылудың, шудың, дірілдің, электрмагнит өрістерінің, радиацияның мемлекет белгілеген қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтерінен асатын мөлшерде (концентрацияларда, деңгейлерде) болуы түсініледі.", "2. Ластағыш заттар деп қоршаған ортаға түскен кезде өздерінің сапалық немесе сандық сипаттамаларына орай табиғи ортаның табиғи тепе-теңдігін бұзатын, табиғи орта құрамдастарының сапасын нашарлататын, экологиялық залал не адамның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіруге қабілетті қатты, сұйық, газ тәрізді немесе бу тәрізді күйдегі кез келген заттар түсініледі.", "Осы Кодексте заттар деп табиғи ортада өздерінің табиғи күйінде болатын немесе адам қызметінің нәтижесінде түзілетін химиялық элементтер, олардың қосылыстары, қоспалары, ерітінділері мен агрегаттары түсініледі.", "Эмиссиясы экологиялық нормалауға жататын ластағыш заттардың тізбесін (бұдан әрі – ластағыш заттардың тізбесі) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган он жыл мерзімге бекітеді және қоршаған орта және оның сапасына ықпал ететін антропогендік факторлар туралы жаңартылған ғылыми білімдер негізінде, сондай-ақ ластағыш заттардың мониторингі мен бақылау әдістерінің, техникалары мен технологияларының дамуын ескере отырып, қайта қаралуға жатады. Ластағыш заттардың тізбесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы, сол кезде қолданыстағы тізбеде болмаған ластағыш заттарға қатысты мемлекеттік реттеу шараларын қабылдауды талап ететін халықаралық міндеттемелері күшіне енгеннен кейін бірінші жылдан кешіктірілмей қайта қаралуға жатады.", "3. Ластағыш заттардың тізбесі мына өлшемшарттар негізінде:", "1) заттардың, оның ішінде қоршаған ортада жинақталу үрдісі бар заттардың уыттылық деңгейі, канцерогендік және (немесе) мутагендік қасиеттері, сондай-ақ олардың қоршаған ортада үлкен уыттылығы бар қосылыстарға айналу қабілеті ескеріліп;", "2) табиғи ортаның табиғи қасиеттері және оның өз сапасын белгілі бір аумақта ластануды және басқа да жағымсыз әсер ету нысандарын адамның араласуынсыз сіңіру, тазарту, өзге де жою арқылы ұстап тұру және қалпына келтіру жөніндегі қабілеті ескеріліп;", "3) мемлекеттік экологиялық мониторинг пен санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг деректері ескеріліп;", "4) ластағыш заттардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеудің ғылыми негізделген әдістемелері (әдістері), техникалары және технологиялары болған кезде айқындалады." ]
349
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
12-бап. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілердің санаттары
[ "1. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілер осындай әсер ету деңгейі мен тәуекеліне қарай төрт санатқа бөлінеді:", "1) қоршаған ортаға елеулі жағымсыз әсер ететін объектілер (I санаттағы объектілер);", "2) қоршаған ортаға бірқалыпты жағымсыз әсер ететін объектілер (ІІ санаттағы объектілер);", "3) қоршаған ортаға болмашы жағымсыз әсер ететін объектілер (III санаттағы объектілер);", "4) қоршаған ортаға барынша аз жағымсыз әсер ететін объектілер (IV санаттағы объектілер).", "2. Осы Кодекске\n2-қосымшада\nөздерінің негізінде қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді І, ІІ немесе ІІІ санаттағы объектілерге жатқызу жүзеге асырылатын қызмет түрлері және өзге де өлшемшарттар белгіленеді.", "Осы Кодекске 2-қосымшада көрсетілмеген немесе онда баяндалған өлшемшарттарға сәйкес келмейтін қызмет түрлері IV санаттағы объектілерге жатады.", "3. I және II санаттардағы объектілерге қатысты \"объект\" термині өзінің шегінде осы Кодекске 2-қосымшаның 1-бөлімінде (I санаттағы объектілер үшін) немесе 2-бөлімінде (II санаттағы объектілер үшін) көрсетілген қызмет түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі, сондай-ақ олармен технологиялық тұрғыдан тікелей байланысты болатын, осындай объект орналасатын сол өнеркәсіптік алаң шегінде жүзеге асырылатын кез келген өзге қызмет түрлері жүзеге асырылатын стационарлық технологиялық объектіні (кәсіпорынды, өндірісті) білдіреді.", "III санаттағы объектілерге қатысты \"объект\" термині өздерінің шегінде осы Кодекске 2-қосымшаның 3-бөлімінде көрсетілген қызмет түрлері жүзеге асырылатын ғимаратты, құрылысжайды, олардың кешенін, алаңды немесе аумақты білдіреді.", "Әртүрлі санаттағы объектілерде жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстары мен рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар өздеріне сәйкес I, II, III немесе IV санатқа жатқызылатын өлшемшарттар қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.", "4. Объектіні санаттарға жатқызу осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес:", "1) осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсері міндетті бағалануға жататын, белгіленіп отырған қызметке қатысты – қоршаған ортаға әсеріне міндетті бағалау жүргізу кезінде;", "2) осы Кодекске сәйкес белгіленіп отырған қызмет әсерінің міндетті скринингіне жататын, белгіленіп отырған қызметке қатысты – белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу кезінде жүзеге асырылады;", "3) осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілмеген өзге белгіленіп отырған қызметке қатысты – осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, оператор дербес жүзеге асырады.", "Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.", "5. Объектілерді тиісті санатқа жатқызу кезінде:", "1) қызмет түрлері (сала, саланың бөлігі, өндіріс, объект) бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету деңгейлері;", "2) ластағыш заттардың шығарындыларындағы, төгінділеріндегі ластағыш заттардың уыттылық деңгейі, канцерогендік және мутагендік қасиеттері, сондай-ақ қалдықтардың сыныпталуы ескеріледі.", "6. Осы Кодексте объектінің операторы деп меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объект бар жеке немесе заңды тұлға түсініледі.", "Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектіні салу, реконструкциялау, пайдалану және (немесе) жою (кейіннен кәдеге жарату) кезінде жекелеген жұмыстарды орындау және (немесе) жекелеген қызметтерді көрсету үшін объектінің операторы тартқан жеке және заңды тұлғалар объект операторлары болып танылмайды." ]
350
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
13-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы субъектілердің негіз құраушы құқықтары мен міндеттері
[ "1. Әркімнің қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар.", "2. Әрбір адамның, қазіргі және болашақ ұрпақтың қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет жұртшылықтың мынадай:", "1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақтылы, толық және анық экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге;", "2) мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне осы Кодексте белгіленген тәртіппен қатысуға;", "3) \"Құқықтық актілер туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуға және өз ескертпелерін әзірлеушілердің қарауына енгізуге;", "4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және өз құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға экологиялық залал келтірудің, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзудың кез келген болжамды фактілері немесе осындай салдарлардың туындау қатерін туғызатын өзге де мән-жайлар туралы өтінішпен жүгінуге, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштерін қарау нәтижелері және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен қабылданған шешімдер туралы жауаптарын алуға;", "5) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметшілердің қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша, оның ішінде келтірілген экологиялық залалды жоюға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылықтың жолын кесуге байланысты әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдерінің заңдылығына дау айту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;", "6) үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзуы салдарынан зиян келтірілген мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау үшін Қазақстан Республикасының азаматтық және азаматтық процестік заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге;", "7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық экологиялық бақылауға қатысуға арналған құқықтарын таниды және оған кепілдік береді.", "3. Осы Кодексте жұртшылық деп бір немесе біреуден көп жеке немесе заңды тұлға, коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ қауымдастықтар, одақтар немесе өзге де бірлестіктер түсініледі.", "4. Табиғатты сақтау және оның ресурстарына ұқыпты қарау барлық жеке және заңды тұлғаның борышы мен міндеті болып табылады.", "Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жәрдемдесуге тиіс.", "5. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер өз есебінен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі, оның ішінде қоршаған ортаның ластануын, табиғи ортаның тозуын, кез келген нысанда экологиялық залал келтірілуін және адамның өміріне және (немесе) денсаулығына өздерінің қызметін жүзеге асыру нәтижесінде туындауы мүмкін осыған байланысты қатерлерді болғызбау жөніндегі қажетті шараларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де міндеттерді атқарады.", "6. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары бар және өзге де міндеттерді атқарады." ]
352
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
14-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары
[ "Коммерциялық емес ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметін жүзеге асыру кезінде осы Кодекстің\n13-бабында\nкөзделген құқықтардан басқа, сондай-ақ:", "1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен әзірлеуге, насихаттауға және іске асыруға, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді қызметке ерікті негізде, өтеусіз немесе өтеулі негізде тартуға;", "2) қоршаған ортаны қорғау және оның сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды орындауға;", "3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, оның ішінде сотқа жүгінуге, сондай-ақ анықталмаған адамдар тобының мүддесіне орай мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) және шешімдерінің заңдылығына дау айтуға;", "4) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи ресурстардың қорғалуын, молықтырылуы мен орнықты пайдаланылуын қамтамасыз етуге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғауға қатысуға;", "5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық тыңдаулар, қоғамдық экологиялық бақылау өткізуге бастама жасауға, оларды ұйымдастыруға және соларға қатысуға;", "6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық білім беру және экологиялық ағарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау саласында зерттеулер жүргізуге;", "7) қоршаған ортаның жай-күйіне тәуелсіз экологиялық мониторинг жүргізуге, электрондық дерекқорды құруға және жүргізуге құқығы бар." ]
353
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
15-бап. Жұртшылықтың шешімдер қабылдауға қатысуы
[ "1. Мүдделі жұртшылық осы Кодексте белгіленген шарттарда және тәртіппен, экологиялық бағалау жүргізу процесіне және жұртшылықтың қатысуы көзделген өзге де рәсімдерге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың және өзге де тұлғалардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуға құқылы.", "2. Осы Кодексте мүдделі жұртшылық деп өз мүдделерін қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша қабылданатын шешімдер қозғайтын немесе қозғауы мүмкін немесе осы шешімдерді қабылдау процесіне қатысуға мүдделі жұртшылық түсініледі.", "Жарғылық мақсаттарының ішінде қоршаған ортаны тұтастай немесе оның жекелеген элементтерін қорғауға жәрдемдесу бар коммерциялық емес ұйымдар мүдделігі бар ұйымдар болып есептеледі.", "3. Осы Кодексте айқындалған рәсімдер шеңберінде мүдделі жұртшылық өкілдері өздері белгіленіп отырған қызметке немесе қабылданатын шешімге қатысы бар деп санайтын кез келген ескертуді, ақпаратты, талдауды немесе пікірді жазбаша немесе электрондық нысанда және ауызша, оның ішінде қоғамдық тыңдауларды өткізу осы Кодексте көзделген кезде оларды өткізу барысында ұсынуға құқылы.", "4. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам қабылдайтын, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша тиісті шешімдерде жұртшылықтың қатысу нәтижелері көрсетілуге тиіс.", "5. Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдаған мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар бұл туралы мүдделі жұртшылыққа осы Кодексте айқындалған тәртіппен шешімнің мәтінін осы шешімнің негізі болып табылған себептер мен аргументтерді көрсете отырып бірге ұсыну арқылы оған дереу хабарлауға міндетті." ]
354
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
16-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтарды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі
[ "1. Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және лауазымды адамдар жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтарын іске асыруда оған жәрдемдесуге міндетті.", "2. Өз құзыреті шеңберінде жұртшылықтың осы Кодексте көзделген құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етпейтін немесе оларды іске асыруға кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады." ]
355
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
17-бап. Экологиялық ақпарат
[ "1. Экологиялық ақпарат:", "1) табиғи орта құрамдастарының, табиғи және табиғи-антропогендік объектілердің, табиғи кешендердің, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің, генетикалық түрлендірілген организмдерді қоса алғанда, биоәртүрліліктің жай-күйі және олардың арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ экожүйелік көрсетілетін қызметтер, генофонд және тірі организмдердің генетикалық ресурстары туралы;", "2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген элементтерге әсер ететін және (немесе) әсер етуге қабілетті факторлар туралы;", "3) мемлекет қолданатын әкімшілік, заңнамалық, бағдарламалық және өзге де шаралар, оның ішінде қоршаған орта саласындағы әзірленіп жатқан, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген элементтер мен факторларға әсер ететін және (немесе) әсер етуге қабілетті нормативтік құқықтық актілер, саясаттар, жоспарлар, бағдарламалар мен келісімдер, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген элементтерді қорғауға бағытталған жоспарланған, іске асырылатын немесе орындалған шаралар мен іс-қимылдар туралы;", "4) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген элементтер мен факторларға әсер ететін және (немесе) әсер етуге қабілетті қызметі, сондай-ақ осындай элементтерді қорғауға бағытталған, жоспарланған, іске асырылатын немесе орындалған шаралар мен іс-қимылдар туралы;", "5) Қазақстан Республикасының экология заңнамасы және оны қолдану жөнінде есептер туралы;", "6) шығындар мен пайданы талдау, осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген жоспарланған шаралар және қызметті жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар шешімдер қабылдаған кезде пайдаланылған экономикалық талдаудың өзге түрлері мен жол берулер туралы;", "7) егер қолдануға болатын болса, ластағыш заттардың тамақ тізбегіндегі концентрацияларды қоса алғанда, адамдар денсаулығының, экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі, адамдардың өмір сүруінің экологиялық жағдайлары, мәдениет объектілерінің, ғимараттар мен құрылысжайлардың өздеріне осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қоршаған орта элементтерінің жай-күйі немесе осы элементтер, осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген факторлар, қызмет немесе шаралар арқылы әсер ететін немесе әсер ете алатын дәрежедегі жай-күйі туралы;", "8) климаттың өзгеруге осалдығы, климаттың өзгеруінің бұрыннан бар және болжамды әсерлері, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімдеу жөніндегі шаралар туралы жазбаша, көрнекі, дыбыстық, электрондық немесе кез келген өзге де материалдық нысандардағы кез келген ақпаратты білдіреді.", "2. Экологиялық ақпарат жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады және шектелуге және құпияландыруға жатпайды." ]
357
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
18-бап. Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу
[ "1. Жұртшылықтың мемлекеттік органдарда бар, оның ішінде олар шығарған немесе алған не мемлекеттік органның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кез келген жеке немесе заңды тұлғаның иелігіндегі толық, анық және уақтылы экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар.", "2. Экологиялық ақпарат иелері экологиялық ақпаратты осы Кодекстің\n20-бабында\nкөзделген жағдайларды қоспағанда, сұрау салу бойынша беруге міндетті. Экологиялық ақпарат беру туралы сұрау салумен жүгінген өтініш берушіден оның осындай ақпарат алуға өз мүдделілігінің негіздемесін ұсынуды талап етуге ешкім де құқылы емес.", "3. Мыналар:", "1) мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары мен мекемелері;", "2) қызметінің немесе көрсететін қызметінің қоршаған ортаға қатысы бар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер;", "3) қызметінің немесе көрсететін қызметінің қоршаған ортаға қатысы бар квазимемлекеттік сектор субъектілері;", "4) өздері иеленетін экологиялық ақпарат бөлігінде – жеке және заңды тұлғалар экологиялық ақпарат иелері деп танылады.", "4. Жұртшылықтың экологиялық ақпарат қамтылған, жалпыға бірдей қолжетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға еркін және тегін қол жеткізуге де құқығы бар." ]
358
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
19-бап. Экологиялық ақпарат беру нысаны
[ "1. Экологиялық ақпарат:", "1) мұндай негіздерді көрсете отырып, оны өзге нысанда берудің объективті және ақылға қонымды негіздері болған;", "2) ол бұрын жұртшылыққа өзге нысанда берілген жағдайлардан басқа ретте өтініш берушіге экологиялық ақпарат беру туралы тиісті сұрау салуда көрсетілген нысанда берілуге тиіс.", "2. Экологиялық ақпарат беру туралы сұрау салуда мұндай нұсқау болған кезде, өтініш берушіге тиісті экологиялық ақпараты бар немесе оны қамтитын нақты құжаттаманың көшірмелері де берілуге тиіс." ]
359
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
20-бап. Экологиялық ақпарат беру мерзімдері мен тәртібі
[ "1. Экологиялық ақпарат беру және беруден бас тарту мерзімдері, тәртібі осы Кодекстің талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және \"Ақпаратқа қол жеткізу туралы\" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.", "2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және белгіленіп отырған қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткізу осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етіледі.", "3. Экологиялық ақпаратқа қолжетімділік беруден:", "1) егер сұрау салудың мазмұны сұрау салынған экологиялық ақпаратты анықтауға мүмкіндік бермесе;", "2) егер сұрау салу \"Ақпаратқа қол жеткізу туралы\" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келмесе;", "3) егер бұл Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға алып келсе;", "4) егер сұрау салуда экологиялық ақпарат иесі қабылдаған актілерді құқықтық бағалау, экологиялық ақпарат иесінің не оған ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдардың қызметіне талдау немесе ол аяқталғанға дейін өзге де талдау жұмысын жүргізу туралы мәселе қойылса;", "5) мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;", "6) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасу немесе мемлекеттік органдардағы кеңестер қорытындылары бойынша әзірленетін түпкілікті шешім қабылданғанға дейін;", "7) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттардың мазмұнын ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін;", "8) егер бұл зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға алып келсе;", "9) егер бұл алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын бұзуға алып келсе, бас тартылуға тиіс.", "Қоршаған ортаға эмиссиялардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпарат коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия деп таныла алмайды.", "4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес ашылуға жатпайтын ақпаратты құпиялығына нұқсан келтірілмей өзге ақпараттан бөлу мүмкін болған жағдайларда, соңғысы өтініш берушіге берілуге тиіс.", "5. Мемлекеттік органда сұрау салынған экологиялық ақпарат болмаған жағдайларда, алынған сұрау салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде, өтініш беруші бұл туралы хабардар етіле отырып, тиісті мемлекеттік органға қайта жіберіледі." ]
360
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
21-бап. Экологиялық ақпаратты жинау және тарату
[ "1. Мемлекет экологиялық ақпаратты жинау және тарату жөніндегі шараларды, оның ішінде:", "1) Қазақстан Республикасының ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу және ашық қолжетімділікте орналастыру;", "2) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндамасын әзірлеу және жариялау;", "3) мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу және оған еркін қолжетімділік беру;", "4) масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда, сондай-ақ мемлекеттік органдар жүргізетін экологиялық ағарту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде экологиялық ақпаратты ұдайы тарату арқылы қамтамасыз етеді.", "2. Мемлекеттік органдар жұртшылыққа ақпаратқа қол жеткізу мәселелерінде, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдардың иелігіндегі экологиялық ақпараттың түрі мен көлемі туралы және осындай ақпаратты беру және оған қол жеткізу шарттары мен тәртібі туралы толық ақпарат беру арқылы қолдау көрсетуге міндетті.", "3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы:", "1) қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштері және барлық тиісті индикатордың нақты нәтижелері туралы;", "2) мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы;", "3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы және жергілікті бюджеттің осындай іс-шараларға арналған шығыстары туралы;", "4) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін жергілікті бюджетке түскен төлемнің жалпы сомасы туралы ақпаратты орналастырады.", "4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы:", "1) мемлекеттік экологиялық саясаттың іске асырылу барысы туралы;", "2) экологиялық залалды ремедиациялау жөніндегі іске асырылған іс-шаралар туралы;", "3) республикалық бюджеттің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстары туралы;", "4) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері және Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін бюджетке өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпаратты орналастырады." ]
361
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
22-бап. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі
[ "1. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі – әркімнің экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету, жұртшылықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануын болғызбау мен қысқартуға жәрдемдесу мақсатында жүргізілетін ресми интернет-ресурста ашық қолжетімділікте орналастырылған, ластағыш заттардың қоршаған ортаға эмиссияларының жай-күйі және қоршаған ортаның ластану деңгейлері туралы құрылымданған электрондық дерекқор.", "2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізуді ұйымдастырады.", "Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.", "Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.", "3. Осы баптың мақсаттары үшін ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне қатысты:", "1) \"ластағыш\" термині өздерінің қасиеттеріне орай және осындай заттарды қоршаған ортаға енгізу салдарынан қоршаған ортаға немесе адамның өміріне және (немесе) денсаулығына зиянды болуы мүмкін және ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленген өнеркәсіп салалары бойынша есептілік үшін ластағыштардың тізбесіне енгізілген затты немесе заттар тобын білдіреді;", "2) \"шығарынды\" термині қандай да бір қызмет нәтижесінде, оның әдейі немесе авариялық, жоспарлы немесе жоспардан тыс болып табылатын-табылмайтынына қарамастан, ластағыштардың қоршаған ортаға кез келген енгізілуін, оған қоса жер бетіне және су объектілеріне төгілуін, атмосфералық ауаға эмиссияны, ластағыштардың су объектілеріне ағызылуын, ластағыштардың жер қойнауына айдалуын, қалдықтардың көмілуін немесе олардың жер бетінде не сарқынды суларды түпкілікті тазартусыз кәріз жүйесі арқылы орналастырылуын білдіреді;", "3) \"көшіру\" термині жоюға немесе қалпына келтіруге арналған ластағыштардың немесе қалдықтардың, сондай-ақ тазартуға арналған сарқынды сулар құрамындағы ластағыштардың объект шегінен тыс жерге орын ауыстыруын білдіреді;", "4) \"объект\" термині сол бір тұлғаның меншігіндегі немесе сол бір тұлға пайдаланатын сол бір учаскедегі немесе іргелес учаскелердегі бір немесе бірнеше өнеркәсіптік қондырғыны білдіреді.", "4. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімінің ақпараты оны жергілікті жерде көрнекі көрсету мақсатында тиісті картографиялық материалдарға байланыстырыла отырып келтіріледі.", "5. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі:", "1) стационарлық ұйымдастырылған көздер бойынша есептілікке қатысты нақты объектілерге байланыстырыла отырып;", "2) ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленген өнеркәсіп салалары бойынша есептілік үшін ластағыштардың тізбесіне сәйкес ластағыштың әрбір түрі және қалдықтардың әрбір түрі бойынша жеке-жеке;", "3) нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларды айқындау негізінде жүргізіледі.", "Қоршаған ортаға эмиссияларды анықтаудың нұсқаулық-әдістемелік құжаттарын, оның ішінде ауыр металдар мен төзімді органикалық ластағыш заттар эмиссияларын есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.", "6. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі Қазақстан Республикасында қолданылатын қоршаған орта сапасының нормативтері, ластағыш заттардың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, ластағыш заттардың шығарындылары мен көшірілуі жөніндегі басқа да ғылыми негізделген ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ластағыш заттардың эмиссиясын жүзеге асыратын объектілер туралы ақпаратты қамтиды.", "7. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне берілетін әрбір объект туралы ақпаратта:", "1) есептілік ұсынылатын объектінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, географиялық орналасқан жері (объектінің координаттары) және қызмет түрі немесе түрлері, сондай-ақ бірінші басшының аты және тегі;", "2) есептілік ұсыну талап етілетін әрбір ластағыштың атауы және сәйкестендіру нөмірі;", "3) объектіде шығарылуы жүзеге асырылған әрбір ластағыштың есепті жылдағы саны (жиынтық, сондай-ақ ластағыштарды жер қойнауына айдауды қоса алғанда, ауаға, суға немесе жерге шығарылуы бойынша бөлшектелген саны);", "4) қауіпті және қауіпті емес қалдықтар арасында аражікті белгілеп, тиісінше \"В\" немесе \"У\" белгілерін көрсете отырып (қалдықтардың қалпына келтіруге немесе жоюға арналғанына қарай), есепті жылы объектінің шегінен тыс жерге көшірілген қалдықтардың саны (қауіпті қалдықтар үшін объектінің шегінен тыс жерге көшіру жылына екі тоннадан немесе қауіпті емес қалдықтар үшін жылына екі мың тоннадан асқан жағдайда), сондай-ақ қауіпті қалдықтарды трансшекаралық көшіру кезінде – қалдықтарды қалпына келтіруді немесе жоюды жүзеге асыратын субъектінің атауы мен мекенжайы, өзіне көшірілген ластағыштар түсетін объектінің географиялық орналасқан жері;", "5) есептілік ұсыну талап етілетін және есепті жыл ішінде объектінің шегінен тыс жерге көшірілген сарқынды сулардағы әрбір ластағыштың саны;", "6) ақпараттың өлшемдерге, есеп-қисаптарға немесе бағалауларға негізделген-негізделмегенін көрсете отырып, ластағыштар мен қалдықтардың саны туралы ақпарат алу үшін пайдаланылған әдіснаманың типі қамтылуға тиіс.", "8. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген объектілердің операторлары жыл сайын 1 сәуірге дейін ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне өткен күнтізбелік жыл үшін осы баптың 7-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын есептілікті ұсынуға міндетті.", "Осындай ақпарат тиісті болатын күнтізбелік жыл есепті жыл болып табылады.", "9. Осы баптың 8-тармағында белгіленген есептілікті ұсыну жөніндегі міндет ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленген, өндіріс қуатына қолданылатын шекті мәндерден асатын бір немесе одан көп қызмет түрін жүзеге асыратын және төменде санамаланған:", "1) қолданылатын шекті мәндерден асатын мөлшерлерде кез келген ластағыштардың шығарындыларын жүзеге асырады;", "2) тазартуға арналған сарқынды сулардағы, қолданылатын шекті мәндерден асатын мөлшерлердегі кез келген ластағышты объект алып жатқан өнеркәсіптік алаңның шегінен тыс жерге көшіруді жүзеге асырады деген өлшемшарттардың кез келгеніне сәйкес келетін объектілердің операторларына қолданылады.", "Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуі саны үшін қолданылатын шекті мәндер ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленеді.", "10. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне ақпаратты операторлар ластағыштардың шығарылуы мен көшірілу тіркелімінің ақпараттық жүйесіндегі есептілік нысанын толтыру және осы нысанға тиісті оператор өзінің атынан көрсетілген тіркелімге ақпарат беруге уәкілеттік берілген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы береді.", "11. Оператор ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуін айқындауды ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалатын ең үздік қолда бар ақпаратты пайдалана отырып жүзеге асырады. Оператор есепті ақпарат өздерінің көмегімен алынған деректерді, сондай-ақ деректерді жинаудың пайдаланылған әдіснамасының сипаттамасын тиісті есепті жылдың соңынан бастап бес жыл бойы сақтауға тиіс.", "12. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне операторлар беретін ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастырады.", "Берілген ақпараттың толықтығы мен сапасына оператор жауапты болады.", "13. Ақпарат ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне енгізілуге және әрбір есепті жыл аяқталған кезден бастап он бес айдан кешіктірілмей жұртшылыққа қолжетімді болуға тиіс.", "14. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімінің деректері ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі енгізілген сәттен бастап кемінде алдыңғы он есептік жыл үшін жұртшылыққа қолжетімді болуға тиіс.", "15. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімінде ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуін іздестіру және оларды:", "1) объект және оның географиялық орналасқан жері;", "2) қызмет түрі;", "3) объектінің операторы;", "4) ластағыш және (немесе) қалдықтар;", "5) шығарынды жүзеге асырылатын қоршаған ортаның әрбір құрауышы;", "6) ластағыштарды көшірудің соңғы пункті және тиісті жағдайларда қалдықтарды жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операциялардың түрлері бойынша сәйкестендіру мүмкіндігін көздеуге тиіс." ]
362
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
23-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама
[ "1. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы талдамалық есеп болып табылады, ол жыл сайынғы негізде халыққа Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдай және оны жақсарту жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беру мақсатында жасалады.", "2. Ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.", "3. Ұлттық баяндамада:", "1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамалары туралы;", "2) негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға антропогендік әсер ету туралы;", "3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өңірлердегі экологиялық ахуал туралы;", "4) есепті кезеңде Қазақстан Республикасының экология заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы;", "5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық саясатын және табиғи ресурстарын пайдалану саласындағы саясатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының \"жасыл\" экономикаға көшуі және орнықты даму бөлігінде іске асыру туралы;", "6) климаттың өзгеруінің әсерлері, климаттың өзгеруінің болжанатын әсерлері, климаттың өзгеруіне осалдылық және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралар туралы;", "7) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындау туралы мәліметтер көрсетіледі.", "4. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық және интерактивті баяндамаларын әзірлеу қағидаларына сәйкес Ұлттық баяндаманы жасау үшін ақпарат береді.", "5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қолда бар деректердің, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар берген ақпараттың негізінде Ұлттық баяндаманы әзірлеуді және оны ресми интернет-ресурста жариялауды ұйымдастырады.", "Ұлттық баяндаманы әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады." ]
363
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
24-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндама
[ "1. Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпаратты адамдардың кең ауқымының түсінуі үшін және жұртшылықтың осындай ақпаратқа қол жеткізуін кеңейту үшін қолжетімді нысанда тарату мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы (бұдан әрі – Интерактивті баяндама) әзірлеуді ұйымдастырады.", "2. Интерактивті баяндама өткен жылғы Ұлттық баяндаманың негізінде әзірленеді және оны әзірлеуге жауапты тұлғаның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында орналастырылады." ]
364
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
25-бап. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры
[ "1. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры экологиялық ақпаратты және қоршаған орта, табиғи ресурстар, орнықты даму және экология мәселелеріне қатысты өзге де нормативтік, статистикалық, есепке алу, есеп беру, ғылыми және талдамалық ақпаратты жазбаша, электрондық, аудиокөрнекі немесе өзге нысандарда орталықтандырылған жинау, есепке алу, жүйелеу, сақтау, тарату жүйесін білдіреді.", "2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз ету, экологиялық ағарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.", "3. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.", "4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізуді ұйымдастырады.", "Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.", "5. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының ақпараты мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларына сәйкес электрондық нысанда интернет-ресурста ашық қолжетімділікте орналастырылады.", "6. Мемлекеттік органдар мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына ақпарат береді.", "7. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының ақпарат көздері мыналар болып табылады:", "1) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары;", "2) қалдықтардың мемлекеттік кадастры;", "3) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;", "4) мемлекеттік көміртегі кадастры;", "5) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі;", "6) Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары;", "7) Қазақстан Республикасының парниктік газдардың шығарылуын қысқарту бойынша ұлттық деңгейде айқындалатын үлестері;", "8) парниктік газдардың шығарылуын азайту жөніндегі тиісті кезеңге арналған іс-шаралар жоспары және Қазақстан Республикасының парниктік газдардың шығарылуын қысқарту бойынша ұлттық деңгейде айқындалатын үлестерін орындау туралы есептер;", "9) ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі;", "10) Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасында реттелмейтін Қазақстан Республикасының парниктік газдардың көздерінен және сіңірушілерінің абсорбциясынан антропогендік шығарындылардың кадастры туралы ұлттық баяндамасы;", "11) тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі;", "12) қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама материалдары, оның ішінде қоғамдық тыңдаулардың хаттамалары;", "13) осы Кодекстің 60-бабының\n7-тармағына\nсәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі материалдар;", "14) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық шарттар;", "15) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерін қозғайтын құжаттары;", "16) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар;", "17) осы Кодекстің талаптарына сәйкес әзірленген ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар;", "18) климаттың өзгеруінің әсер етуіне, климаттың өзгеруінің болжамды әсер етуіне, климаттың өзгеруіне осалдыққа және климаттың өзгеруіне бейімделу шараларына байланысты ақпарат;", "19) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуы туралы есептер;", "20) қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндамалар;", "21) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және алдын ала сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға арналған экологиялық сезімталдық карталары;", "22) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылау және құқық қолдану қызметінің нәтижелері жөніндегі есептер;", "23) экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларын, қалдықтарды басқару бағдарламаларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын қоса алғанда, берілген экологиялық рұқсаттар, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептер, сондай-ақ қоршаған ортаға әсер ету туралы берілген декларациялар;", "24) мемлекеттік экологиялық мониторингтің деректері;", "25) генетикалық түрлендірілген организмдер мен өнімдердің тізілімі (тізбесі);", "26) экология саласындағы ғылыми-техникалық және талдамалық әдебиет;", "27) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары бекіткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептер;", "28) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге де материалдар мен құжаттар." ]
365
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
26-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреті
[ "Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласында:", "1) мемлекеттік экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;" ]
367
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
27-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
[ "1. Қоршаған ортаны қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүзеге асыратын орталық атқарушы орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.", "2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:", "1) осы Кодексте көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;", "2) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыруы бөлігіндегі қызметін үйлестіруді жүргізу;", "3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау;", "4) өз құзыреті шегінде осы Кодексте белгіленген экологиялық рұқсаттар беру;", "5) осы Кодексте көзделген жағдайларда, кәсіпкерлік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау;", "6) осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;", "7) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру;", "8) республикалық деңгейде маңызы бар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;", "9) парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;", "10) Жердің озон қабатын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;", "11) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын келісу;", "12) қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;", "12-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;", "13) өзіне осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындау арқылы бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастырады және іске асырады.", "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) – 7) тармақшаларында, сондай-ақ осы Кодекстің\n7-тарауында\nкөзделген функциялар мен өкілеттіктерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді." ]
368
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
28-бап. Бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру
[ "1. Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясаты Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттар бойынша іске асырылады.", "2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті деңгейде мемлекеттік экологиялық саясаттың іске асырылуы үшін жауапты болады.", "3. Мемлекеттік экологиялық саясатты орталық және жергілікті деңгейлерде іске асыру кезінде осы Кодекске сәйкес мүдделі жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысу құқығының сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс.", "4. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларды экологиялық ағарту және олардың экологиялық мәдениетін арттыру жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыруға олардың ерікті негізде тартылуы үшін қажетті жағдай жасайды." ]
369
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ
29-бап. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар
[ "1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешені қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар болып табылады.", "2. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленетін бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне сәйкес айқындалады.", "3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды:", "1) жергілікті деңгейде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары;", "2) республикалық деңгейде – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.", "4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға:", "1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған;", "2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрамдастарының жай-күйін жақсартатын;", "3) экологиялық жүйелердің жай-күйін тұрақтандыру мен жақсартуға, биоәртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға, табиғи ресурстарды молықтыруға ықпал ететін;", "4) қоршаған ортаның ластануының, табиғи ортаның тозуының, кез келген нысанда экологиялық залал келтірудің және осыған байланысты адамның өміріне және (немесе) денсаулығына қатердің алдын алатын және оларды болғызбайтын;", "5) төзімді органикалық ластағыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға антропогендік те, табиғи сипатта да химиялық, биологиялық және физикалық әсер ету деңгейін төмендетуге бағытталған;", "6) қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды орнықты пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың халықаралық стандарттарын ендіруге бағытталған әдістер мен технологияларды жетілдіретін;", "7) өндірістік экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыратын;", "8) қоршаған ортаны қорғау саласында ақпараттық жүйелерді қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететін;", "9) орнықты даму үшін экологиялық білімді насихаттауға, экологиялық білім беруге және ағартуға ықпал ететін;", "10) парниктік газдардың шығарылу көлемін қысқартуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайтуға бағытталған;", "11) қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге бағытталған іс-шаралар жатады.", "5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының негізінде және соған сәйкес жүргізіледі.", "Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мүдделі жұртшылықтың өкілдерін қатыстырып, осы Кодекске 4-қосымшада көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін негізге ала отырып, үш жылдық перспективаға әзірлейді.", "Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес қоғамдық тыңдаулар рәсімінен өтеді.", "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті өкілді органы бекітеді.", "Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.", "6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын, есепті кезең аяқталғаннан кейін 1 ақпаннан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті өкілді органына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп ұсынады.", "7. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың бекітілген жоспары осы іс-шаралар жоспары әзірленген және бекітілген жылдың алдындағы үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен, қоршаған ортаға жағымсыз әсер үшін төлем сомаларынан кем емес көлемде бюджет қаражаты есебінен іске асырылады.", "Қоршаған ортаға жағымсыз әсер үшін келіп түскен төлем сомаларынан қалыптастырылатын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға жіберілетін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың бекітілген жоспары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.", "8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қосымша жүзеге асырылуы мүмкін." ]
370